Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кешегі және бүгінгі «Абай» журналы

Автор

Сапарбекқызы Жақсыгүл
3 мин оқу 132 оқылым

Кешегі және бүгінгі «Абай» журналы

«Абай »журналы 1918жылдың февраль айынан сол жылы октябрь айына дейін Семей қаласында шығып тұрды .Барлығы 12саны шықты .Журналдың ресми редакторы Ж.Аймауытов ,екіншсісі әдебиет майданына енді араласқан М.Әуезов.

«Абайды»шығаруды ең алғаш қолға алған ,барлық ыстық суығына көнген ,соңынан осы істері өздеріне соққы болып тиген қос азамат бұл басылымды кім үшін,не үшін шығарды?Алдарына қандай мақсат қойды деген сауалға Ж.Аумауытовтың «Журнал туралы»атты мақаласы толық жауап беретін сияқты.

Абай» журналының бар болмысын, бағдарын Жүсіпбек Аймауытовтың «Ұлтты сүю», Мұхтар Әуезовтің «Өліп таусылу қаупі», Міржақып Дулатовтың «Алашқа» атты мақалалары арқылы толық тануға болады. «Абай» журналының бірінші бағдары – ұлтты сүю, екінші бағдары – өліп-таусылу қаупінен сақтандыру, яғни тілді, дінді, жерді сақтау. Үшінші бағдары – ұлтқа шынайы қызмет ету, жабырқағанда жанынан табылып, дұрыс жол көрсету. «Абай» бағдарының мықтылығы «Алаш» бағдарымен сабақтастығында, салаластығында. Алғашында «Абайды – қазығым» деп шығарған журналшылар, бір жыл ішінде журналды ұлт руханиятының алтын қазығына айналдырды.Абайдың» редакторы журналдың болашағына үлкен сеніммен қараған еді. Алайда, басылымның 12 саны шыққан соң тоқтайды.

«Абай» журналында қазіргі газеттердегідей жарнама да жарияланып тұрған.Мақалалардың барлығы бүркеншік атпен беріліп отырған. Тіпті әдеби шығармалардың өзіне де автордың шын есімі көрсетілмеген.Абай» журналын қазақ журналистикасында өз ізін қалдырған басылымдардың бірі деп атауға болады. Оған қарамастан, басылымның шығу тарихы, негізгі бағыты мен концепциясы жайлы іргелі ғылыми зерттеулер сирек кездеседі. «Абай» туралы біраз деректерді қазақ баспасөзін зерттеушілердің ғылыми мақалаларынан табуға болады.Бұл журналда Алаш зиялыларының ағарту бағытында түрлі мақалалары жарық көрді. Алғашқы саны 900 данамен шыққан. «Абай» журналының алғашқы сандары шамамен 16-21 беттен тұратын. 2018 жылы «Абай» журналының шыққанына 100 жыл толады. Араға көп уақыт үзіліс салып, «Абай» журналының жалғасы тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан оқырманға жол тартты. 25 жыл бойы тұрақты шығуда.

Сөйтіп «Абай журналыны 1918жылдың аяқ шеніне қарай біржола жабылды.О7ан себеп ,Семейде большевиктердің билік басына келіп,«Алаш орда »үкіметінің құлауы.

Жаңа Қазақстандағы Абай журналы:

«Журналдың атын «Абай» қойған соң әдеби жолын ғана тұтыну керек еді дер біреу. Оған айтатынымыз: Абай жалғыз ғана ақын (литератор) болды деуге болмайды. Әдебиетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап тексерген де Абай. Қазақтың тұрмысын, өмірін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. Солай болған соң журналды Абайға арнағандық, Абайды қай жөннен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар шәкірт болып, соңынан жүруге талаптанғандығын көрсетеді», деген екен. Журнал бар-жоғы 9 ай ғана шығып, 12 саны оқырман қолына тиген. Кеңестік идеология «ұлтшыл» деген айдар тағып, журналдың шығуына тыйым салады. Аз уақыт ішінде оқырман көзайымына айналған журнал қазақ өмірінің, тыныс-тіршілігінің небір өзекті мәселелерін қозғаған. Жөнсіз жаламен жабылып қалған «Абай» журналы араға 74 жыл салып 1992 жылы еліміз егемендік алған соң қайта жарық көрді. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына дайындық ерте, 5 жыл бұрын басталды. Әр облыс өз бағдарламасын ұсынып, тойға қызу дайындық басталып кетеді. Сол кезде «Семей таңы» газетінің редакторы, жазушы Р.Мусин әріптестерімен ақылдасып, «Абай» журналын еске алып, соны қайта жаңғыртса деген ой салады. Журналды қайта жаңғырту бастамасын көтерген «Семей таңы» газетінің ардагерлері екенін жұрт­шылықтың білгені абзал. Қайта дүниеге келген журналдың бас редакторы танымал жазушы Рысхан Мусин еді. Егемендіктің алғашқы жылдары ауыр болғаны мәлім. Тіптен журналға қайта жабылып қалу қаупі төнгені де рас. Әйтсе де 1994 жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семейге келген сапары журналдың тағдырын түбегейлі шешіп кетті. Президенттің нұсқауымен журналға республикалық мәртебе беріліп, республикалық бюджетке алынды .Елбасымыздың «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Абай» жур­налына – 100 жыл» атты әдеби кеш өткізілді.

Қорытынды шығара келе,біз үшін газет ,журналдардың маңызы өте зор .Олардың шығу тарихтарын,атының неге олай аталғандарын,бәрін -бәрін білуіміз керек .Бәрінен хабардар болуымыз керек .«Абай»журналы Абай өмірден өткеніне он жыл толуына орай қазақ зиялылары жаңа басылым шығаруды жоспарлаған екен. Бірақ әртүрлі себептермен кейінге қалдырылып отырған. Ең басты себебі 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыс болса керек.

Міне,«Абай» журналының Абайға арналып шығарылған журнал екеніне хабардар болдық.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің 1курс студенті : Сапарбекқызы Жақсыгүл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сапарбекқызы Жақсыгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Алматы ақшамы»газеті

Мәтінде «Алматы ақшамы» газетінің тарихы, редакциясы және қала өміріндегі орны сөз болады. Басылымның электронды нұсқасы да жұмыс істейді.

Сапарбекқызы Жақсыгүл 122 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты»: тарихи сипаты мен мәні

Материалда «Орал» газетінде жарияланған «Ашық хаттың» тарихи сипаты мен мәні, Бақытжан Қаратаевқа телінуі және жер мәселесіне қатысты ойлары қарастырылады.

Сапарбекқызы Жақсыгүл 43 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Сәкен Сейфулиннің ‟ Сыр сандық „өлеңіндегі амал және адал достардың бинесін қалай ашып жазды?

Мәтінде Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі адал және амал достар бейнесі, адамның ішкі сыры мен достықтың қадірі талданады.

Сапарбекқызы Жақсыгүл 203 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин