Мазмұнға өту

Қазақтың ұлттық киімдерінің шығу тарихы

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 3 мин оқу 1 766 оқылым

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Сыныбы: 2 «а»

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы»

Мақсаты:

А) Блімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері, шығу тарихы туралы түсінік беру;

Б) Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге, қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту;

В) Тәрбиелік: өз халқының салт-дәстүрлерін сыйлауға, құрметтеуге мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс

Көрнекіліктер: Ұлттық киім суреттері, шаблондар, плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру барысы.

А)Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Б) Суреттер  арқылы топқа бөлу.

1-топ: Тақия шағын кәсіпкерлігі

2-топ: Шапан шағын кәсіпкерлігі

3-топ: Шалбар шағын кәсіпкерлігі

4-топ: Етік шағын кәсіпкерлігі

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы орындық» ойыны. Сұрақ-жауап

  1. Қазақтың төл мерекелерін атаңдар?
  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
  3. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
  4. Қазақтың қандай ұлттық тамақтарын білесіңдер?
  5. Жаңа сабаққа нұсқау.

Бейне ролик көрсету. (қазақтың ұлттық киімдерінің бейнесі)

Біздің сабағымыздың мақсаты қалай деп ойлайсыздар?

Сабақты мақсатымен таныстыру. Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

  • Қазақ халқының ұлттық киімдері.
  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақ халқының киім - кешегі - ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Киімнің тігілуінен халық тұрмысының жай - күйі, мәдениетінің қалыптасуы, ғасырлар бойы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді. Ұлттық киімдер сәндеп кестеленеді, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеледі. Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналды. Бұлар - қазақ халқының мәдени қазынасы. Қазақ халқының ұлттық киімдері екіге бөлінеді: ерлер киімі және де әйелдер киімі. Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік  жатады. Әйелдер киіміне: қос етік, көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.

  1. Топпен жұмыс.

Топтар өз кәсіпкерлігі туралы мәтін бойынша топтарын қорғау.

Шапан тобы - қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл - өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі.

Тақия тобы - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді.

Шалбар тобы - Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ шалбар» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Етік тобы - Саптама етік – ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын малшыларға, механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыда, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қисық табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұзын болады.

  1. Сергіту сәті.

Бейне ролик көрсету.

  1. Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін есте сақтау.

Қажетті құрал – жабдықтар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаз,

Әр топ өз кәсіпкерлік жұмыстары бойынша қағазға сурет салып (шапан, тақия, етік, шалбар) өздерінше сәндеу.

  1. Сабақты бекіту.

Түйме дақ гүлін құрастыру.

Қазақтың ұлттық киімдері: шапан, тақия, сәукеле, етік, шалбар, көйлек, ішік, айыр қалпақ, бөрік, тымақ.

  1. Қорытындылау. Рефлекция.

Шарты: әр оқушының алдарында саусақ салынған суреттер таратылады, суретке ұнатқан саусағына жүзік салу тапсырылады.

Бас бармақ- мен түсіндім

Балан үйрек- мен білгім келеді

Ортан терек – маған қиын болды

Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім

Кішкентай бөбек – мен тырысамын

  1. Үйге тапсырма беру.

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы эссе жазу

  1. Бағалау.

Әр оқушы өздерінің топтарындағы оқушыларды бағалау, соған қарап мұғалімнің бағалауы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Шебердің қолы ортақ

Мақсаты:Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып,…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 1 440 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Ермексаздан ыдыс жасау

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: оқушыларға ыдыс түрлерімен таныстыра отырып, оларды ермексаздан жасауды үйрету; Дамытушылық мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберліктерін, сана – сезімін дамыту;…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 1 850 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу; Оқушы бойында патриоттық…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 1 211 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин