Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ермексаздан ыдыс жасау

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы
2 мин оқу 1 852 оқылым

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға ыдыс түрлерімен таныстыра отырып, оларды ермексаздан жасауды үйрету;

Дамытушылық мақсаты:  оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберліктерін, сана – сезімін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шеберлікке, еңбексүйгіштікке, ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: сарамандық  сабақ

Әдісі-тәсілдері: сарамандық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, көресту

Көрнекілігі: слайд, ыдыс суреттері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар, бүгінгі сабағымыз көңілді, сәтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек,

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек,

Сабағыңды жөндеп

Әзірленсең – еңбек,

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап.

  1. Өте ерте дәуірлерде ыдыс – аяқты неден жасаған?
  2. Ыдыстарды негізінен қандай ағаштан жасаған?
  3. Жаңа сабақ

Бейне ролик көрсету.

Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың – мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Осы бұйымдарды ермексаздан жсап үйреніңдер.

Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді? Әрине, пішін, түс, сурет, үйлесімділк табиғаттан алынған.

Идеялар қорындағы ыдыстарға қарандаршы. Олар неге ұқсайды? Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі. Әдемі бұйым адамды таңғалдырып, қуаныш сыйлайды. Қазақ халқының ұлттық ыдысы – тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б сусындар құйған. Ендеше әдемі ыдыстар жасап көрейік.

  1. Сарамандық жұмыс.

Гигеналық ережемен таныстыру.

1) Қол сүртетін орамал әкелу;

2) Партаға төсеніш төсеу;

3) Жұмыс соңында қолды сабынды сумен жуу керек.

Оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жүргізу.

  • Балалар енді топ бойынша дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.
  • Ең алдымен дастарханға не қойылады?
  • Дұрыс айтасыңдар, ең алдымен дастарханға нан қойылады. Ал енді дастархан мәзірін жасаңдар.
  • Дастарханға қандай ыдыстар қажет?

Шәуіш, шәйнек, нан салғыш, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал  енді дастарханға тағы не қоюға болады? Жеміс-жидектерді де жасауға болады.

  1. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.
  2. Отқа қойсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы секілдеп

Танауынан бу шығар. (шәйнек)

  1. Жұдырықтай қамырды,

Жаулықтай ғып жаяды. (оқтау)

  1. Иінінде құлағы

Ішінде бұлағы

Көмейіне от салсаң

Ызындап тұрады. (самаурын)

  1. Сабы бар

Басы шатыр

Табысын өлшеп әкеп

Құдыққа тасып жатыр. (қасық)

  1. Ауызы төбесінде

Тұтқасы денесінде.(құман)

  1. «Ұйқасын тап» ойыны

Ойын шарты берілген мақал-мәтелдердің ұйқасын табу.

  1. Қазан қайнап ......(тұрса)

Ақыл сайрап тұрады.

  1. Ыдысын .....(көріп) – асын іш.
  2. Қарны ......(ашқан) қазанға қарар.
  3. Қазанға не ..... (салсаң), шөмішке сол ілігер.
  4. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

  • Ыдыс аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Адам өмірінде ыдыс аяқтардың қандай пайдасы бар?
  • Ермексаздан не жасап үйрендік?
  1. Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтап, ыдыстарды ермексаздан жасап келу.

  1. Бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Шебердің қолы ортақ

Мақсаты:Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып,…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 4 мин 1 441 оқылым
Бастауыш сынып

Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу; Оқушы бойында патриоттық…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 5 мин 1 212 оқылым
Бастауыш сынып

Қазақтың ұлттық киімдерінің шығу тарихы

Сыныбы: 2 «а» Пәні: еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы» Мақсаты: А) Блімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну…

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы 3 мин 1 767 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 36 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым