Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

АЛИЯ
2 мин оқу 525 оқылым

Қазақ тарихының Абызы өмірден өтті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті, Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері, яғни тарихшылары факультет қабығасында  жүріп, өзінің нар тұлғасымен, болмысымен көзге түсетін, екі ғасырды көрген шешіре-тарихшысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің белгілі профессоры, тарих ғылымдарының докторы, екі майданда ерлік көрсеткен, тарихтың абызы  Уахит Хамзинұлы Шалекеновты нанымайтыны кемде-кем. Атамыз  97 жасқа қараған шағында өмірден озды.  Уахит Хамзинұлы  Шалекеновтың Қазақ тарихында алатын орын ерекше ірі тұлға деп айтсақ артық емес. Кез-келген факультет оқытушылары ол кісіден дәріс тыңдап, білім алғанын мақтан тұтып отыратын. Жалпы У.Х. Шалекеновтың өмір жолының өзі тарих деп айтуымызға болады. У.Х. Шәлекенов 1924 жылы мамыр айында Астрахан облысында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1930-жылдары отбасы Қарақалпақстанға қоныс аударып,   У.Х. Шалекенов осы жерде  орта мектепті аяқтап, сол жылы  кіші лейтенант шеніндегі алты айлық курсты бітіріп, майданға аттанды. Уахит Шалекенов 1943 жылы взвод командирі атанды.  Дергачи, Новый Оскол, Старый Оскол, Харьков қалаларын жаудан азат ету шайқастарына араласады.

Соғыстан кейін Уахит Шалекенов Нөкіс мемлекеттік университетінің тарих факультетін қызыл дипломмен бітірді. Одан соң 1950 жылы КСРО атындағы Этнография институтының аспиарантурасына қабылданып, 1953 жылы Мәскеуде "этнография" мамандығы бойынша кандидаттық  диссертациясын қорғап, Қарақалпақстанның, Өзбекстанның, Қазақстанның жоғары оқу орындарында көп жылдық ғылыми-педагогикалық қызмет атқарды.

У. Шалекенов 1967 жылы "Амударияның төменгі ағысындағы қазақтар" атты докторлық диссертация қорғап шықты.  Оның Орталық Азия халықтарының тарихын алғашқылардың бірі болып ізденіп жатқандығын Ә. Марғұлан мен Ю.Гулямов жоғары бағалады. Уахит Шалекенов Хорезм кешенді археологиялық-этнологиялық экспедициясына бірнеше рет қатысты.

У.Х. Шалекенов Н.Н.Миклухо-Маклайдың "Кеңес Одағы халықтарының этнографиялық атласын" құру және басып шығару жөніндегі өзекті мәселеде Қарақалпақстанға және Қазақстанның оңтүстігіне арналған негізгі бөлімдерді жазып,  1970 жылы  Шымкент  педагогикалық институтына оқуға түсті.  Профессор  ретінде кафедраны басқарып, дәрістер оқып, студент жастарға білім берді.  Бүгінгі таңда ҚазҰУ-нің мақтанышына айналған У.Х. Шалекенов археология және этнология кафедрасының ашылуына үлес қосумен бірге  кафедраны басқарып, оның жұмысын алға жылжытса, кейін тарих факультетінің деканы атанып, көптеген ұйымдастырушылық, ғылыми-педагогикалық жұмыстар жүргізді.  Ең бастысы, ол өзінің сүйікті кәсібімен - археологиялық қазбалармен айналысты. Болса да республикамыздың түкпір түкпірінен келген жас түлектерге сабақ беріп, жоғарғы сапалы мамандардың қалыптасуына ықпал еті. Сол себепті де Уахит Хамзинұлы Шәлекенов сынды екі ғасыр куәгері, тарихымыздың Абызы біздің, жастардың жүрегінен, шәкірттерінің жүрегінен үлкен орын алады және мәңгі есімізде сақталады деп санаймыз.

Қуанышқызы Дана, Маратова Алия, Рыскелді Айым, Узбехан Алуа.

Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

қауымдастырлған процессоры, т.ғ.к. Абикенова Г.Е.

Авторлары
Қуанышқызы ДанаӘлия МаратоваРыскелді АйымАлуа Узбехан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

АЛИЯ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Материалда мектепке дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін модельдеу арқылы дамыту жолдары, соның ішінде кластер әдісін қолдану тәжірибесі баяндалады.

Алия 2 мин 106 оқылым
Жалпы рубрика

«Казахтелеком» заключил офтейк-контракт с казахстанским производителем телекоммуникационного оборудования в Алматы

Қазақтелеком» Алматыдағы «ЭлтексАлатау» компаниясымен құны 1 миллиард теңгеден асатын офтейк-келісім жасады. Келісім сымсыз цифрлық приставкаларды сатып алуды көздейді.

Алия 4 мин 21 оқылым
Жалпы рубрика

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтті

Алматыда өткен «Creative Central Asia – 2023» форумында креатив индустрияны дамыту жолдары талқыланып, панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары және цифрлық өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Алия 3 мин 29 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 109 оқылым