Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бұлт

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 22 жол

Түнгі жаймен
жуынып,
Көгілдір
көк күлімдер,
Шөгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт,
Шоқы сүйіп, дірілдер.

Көк мұнарлы белбеуін
Алып тау бел буына;
Сәлем беріп бұлт керуен,
Таңда
тауға жығыла.
Қабағы мұз, суық
шал
Қолын алып, қас қаға.
Желде, құзда несі бар,
Қалғыды тас жастана.
Бұлт - бөбек, тау - ана,
Ана төсін аймалай,
Ұйықтай
тұрсын ол бала,
Шыққанынша
жел қалай.

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері