Бақа мен өгіз (И. А. Крыловтан)
Абай Құнанбайұлы · 1845–1904 · 18 жол
Түрі жат өгіздің,
Сен қайда, ол қайда?"
Күшенді кеп кіжініп,
Келгенінше шамасы,
"Өстім ғой"— деп ісініп,
Дейді: "енді бір қарашы!"
Қарады да,— "Дәнеме
Болған жоқ қой, қой!"— деді.
Қызып алған антұрған
Айтқан сөзге көнбеді.
Ыңқыл қағып, тыпырлап,
Күшенді де, бөртінді.
Іш жарылды сытырлап.
Мақтанам деп өзі өлді.
Таласпа, жаным-ай,
Қолыңнан келмеске.
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске.