Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мөлдір
2 мин оқу 581 оқылым

Қазақ халықарарлық қатынастар және әлем тілдері университеті!
Журналистика факультетінің 2 курс студенті.
Сейдахметова Мөлдір
Мен өз тілімді құрметтеймін
Мен өз ана тілімді - қазақ тілдімді сүйемін. Қазақ тілі өте әдемі, көркем әрі бай тіл. Әрине, тілдің жаманы жоқ. Дегенмен, дәл қазақ тіліндей әрбір сөзі, әрбір әріпі жағымды естілентіндей, сөйлегенде тіліміздің құдіреттілігін көрсетіп тұратындай тіл жоқ шығар, сірә! «Жаманның бөзін алғанша, жақсының сөзін ал!»,- дейді қазақта, қай жерде болмасын өз ойын толық жеткізіп, шешен сөйлеп, санасы сайрап тұрған адамды тыңдағанда құлақтың құрышын қандыра тыңдайсың. Бұл да қазақ тілінің бай екендігін көрсететіні даусыз. Қазақ тілінде өзіне тән 9 әріпі бар, ал жалпы бізде 42 әріп бекітілген. Біздің тек қазақ тіліне тән әріптеріміз мағыналы, ұлы, ғажайып сөздердің туындауына себепкер. Иесіз ел болмайды, жүйесіз сөз болмайды демекші, біздің тілімізге қарап, оның мінсіз жүйелігіне, әрбір сөзінің толыққандылығына қызғатын ел қаншама. Қазақстан -көпұлтты мемлекет болып табылады. Біздің тілді шетел азаматтары тыңдағанда бір естігеннен ұнатып қалады, оның себебі тіліміз өте бай, қазақы әрі мағыналы.Қазіргі таңда еліміздің атын музыкамен, қазақ тілінде замануи стильді қозғап жазған, осы бай тілімізді әлемге паш етіп жүрген азамат пен азаматашалар қаншама. Тілдік құрылымға мән берсек ,адал іс қылып, ақ сөйлеген адамды барлығымыз жақсы көреміз, ондай адам жүрген жерінде сыйлы абыройлы болады. Ал тілдің жалпы қолданысына келер болсақ, әлемдік тәжірибеде, ортақ қатынас құралы қызметін -заңмен қабылданған мемелкеттік тіл басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі, ал мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Тілге қатысты мемлекетімізде қатып қалған заң қағидасы жоқ, кімге қай тілде сөйлеген ыңғайлы, сол тілде сөйлей алады. Дегенмен бұл қазақ тілінің сиреуіне немесе оның кірлеуіне алып келетін секілді. Өйткені, қазіргі таңда орыс тілін қолданушылардың саны артып келеді.Ел болып та, ұлт болып та, қалыптасу үшін анамыздың сүтімен дарыған ана тілін арымыздай таза сақтау – біздің парызымыз. Бірақ еліміздің рухын асқақтатып, қазақ тілін әлемге әйгілі етіп жүргендер де жоқ емес. Сол тұлғалардың арқасында, және болашақ рухты қазақтардың арқасында біздің тіліміз ешқашан өшпейді деген сенімдемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Мөлдір

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Мәтінде мектепалды даярлықтың мақсаты, 5–6 жастағы балаларды мектепке бейімдеу және олардың оқуға ынтасы мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылады.

Мөлдір 2 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Миссия

Мәтінде адамның өмір кезеңдері, өмірлік мақсаты мен таңдау еркіндігі сөз болады. Автор жеке миссияны қоғам қалыптастырған сценарийден ажыратуға шақырады.

Мөлдір 2 мин 38 оқылым
Жалпы рубрика

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Мақалада журналистің қызмет еркіндігіне әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және құқықтық мәселелер, сондай-ақ БАҚ туралы заң мен сөз бостандығы қарастырылады.

Мөлдір 6 мин 33 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҰЛТ рухының айнасы: қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі рөлі мен болашағы

Әли Мерей Ержанқызы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Тарих және педагогика факультетіне қарасты Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының 4-курс студенті. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,…

Әли Мерей Ержанқызы 5 мин 11 оқылым
Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 21 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым