Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Автор

Мөлдір
2 мин оқу 40 оқылым

Бабажанова Мөлдір Балтабайқызы,

Мектепалды даярлық сыныбы

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

«А.С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Мектепалды даярлық – бұл  ең алдымен бүлдіршіндердің  үлкен өмірге басатын  алғашқы  қадамы, бірінші  баспалдағы  десе  болады. Өйткені  бала  балабақшадағы  алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік  сезімін  қалыптастыра  бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі  балалардың  өмірін қорғау және денсаулығына  қамқорлық жасау  болып есептеледі. Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті- балалардың мектепте оқуға ынтасын және оған эмоционалдық дайындығын қалыптастыру. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді,  5-6  жастағы балалар мектепте оқуға қызығушылық таныта бастайды, ересектермен қарым-қатынас, мұғаліммен кездесулер, оқушылармен бірлескен іс-әрекеттер, мектепке бару, мектеп тақырыбына мазмұнды-рөлдік ойындар ойнау арқылы дамиды.Балаларда өздерін  қоршаған ортаға деген қызығушылық сезім қалыптасады. Өз ойларын  ашық, еркін білдіруге үйренеді.

     Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын біріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту, сауат ашу,  тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін көптеп пайдалану. Баланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде қарым—қатынас мәдениетін дамыту, ана тілінің  дыбыстарын  танып, дұрыс айтуды үйрету, оқуды меңгерту – басты мақсатым. Адамгершілік құндылық бағдарын, мінез—құлық нормасын, тәртіптік ережесін халықтық салт— дәстүр үлгісінде қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс—әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар  оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. 5 – 6 жасар баланың мектепке баруы оның  өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс—әрекетінде, басқа адамдармен қарым—қатынасында ерекше өзгерістермен байланысты. Мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Даярлық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді. Адамгершілік құндылықтарды түсіне бастайды, өз-өзіне қызмет жасауды  меңгереді. Партада отыру, берілген тапсырмаларды мұқият орындау, өз іс—әрекетіне жауапкершілік дағдылары дамиды. Әріптерді танып, буындап оқуды меңгереді. Балалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшін, мектепалды даярлық сыныптың орны ерекше. Сондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін. Жыл бойы өткізілетін мерекелік ертеңгіліктер әр баланың өнерін көрсетіп, жұлдызын жағады, баланың бойында эстетикалық сезімдері, шығармашылық қабілеттері дамиды.

     Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мөлдір

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Миссия

Мәтінде адамның өмір кезеңдері, өмірлік мақсаты мен таңдау еркіндігі сөз болады. Автор жеке миссияны қоғам қалыптастырған сценарийден ажыратуға шақырады.

Мөлдір 38 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Мақалада журналистің қызмет еркіндігіне әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және құқықтық мәселелер, сондай-ақ БАҚ туралы заң мен сөз бостандығы қарастырылады.

Мөлдір 33 оқылым 6 мин
Балабақша

Алтын күз

Балабақшадағы «Алтын күз» мерекесіне арналған сценарийде балалардың әні, биі мен тақпақтары, Тауық және Күз ханшайымымен кездесуі қамтылған.

Мөлдір 36 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 66 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 52 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 136 оқылым 5 мин
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 148 оқылым 8 мин