Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бабай прапал

1 мин оқу

Ақмола қаласында көптеген өзбек семьялары мекендеп келді. Солардың ішінде Шатыршин дейтін қарт болды. Ол ауқатты адам еді, басқа өзбектер оны ерекше құрметтейтін «Шатыршын бабай» деп атайтын-ды.

Сол қарт қайтыс болды. Қаладағы өзбектер жиналып, Ташкенттегі туған-туысқандарына телеграф арқылы хабарлауға ұйғарды. Телеграмма тексті бірнеше түрде жасалды: «Шатыршын бабай померля», «погиб», «здох» деген жобалар ұсынылды.

Жиналғандар бұларды әржақты талқылады, бірде-бірін қабылдамады. Ақырында орыс купецтеріне қызмет етіп жүрген, орыс тіліне жетік бір жігіттің ұсынысы ұнады: «Ташкентке. Шатыршын бабай прапал» деп телеграмма соғылды.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз