Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көже мен шайыңызға бола амандасқанмын

1 мин оқу

Жазғытұрым жолаушылап, шөлдеп келе жатқан Серікбай сырттай сырын білетін бір үйге келіп түседі. Үйге сәлем беріп кірсе, жалғыз кемпір отырады. «Сәті болды» деп ойлаған ол кемпірге қол беріп:

—Аман отырсыз ба? Ден саулығыңыз жақсы ма? Ауырып қалды деп еді, тәуір болдыңыз ба? Шалдың денсаулығы жақсы ма? Біз жақтағы туыстарыңыз да аман жатыр. Көктеулікке көшіп келетін сияқты...—деп жалбырақтап қайта-қайта амандасыпты. «Шалдың туған-туысқандарының немесе жақын ағайындарының бірі болуы керек» деп ойлаған кемпір мосыға шәугім асып қойып:

—Қара өзекшілік уақыт қой, шай қойғанша сусындап ал,—деп ашыған көже беріпті. Іле-шала дастархан жайып шай қойып жалбырақтай күтіпті. Серікбай сусыны қанып, қарны тойған соң далаға шығып аттанбақшы болып жатқанда, үйден ере шыққан кемпір:

—Қарағым, атың кім? Сен мені танысаң да, мен сені танымадым ғой,—дейді. Сонда Серікбай:

—Мен де сізді танығам жоқ, көже мен шайыңызға бола амандасқаным ғой,—деп атына мініп жүріп кетіпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз