Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Көркем шығарманы зерттеуден туған ой

Әйгерім
2 мин оқу 49 оқылым
  • Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел бейнесін оқытудың танымдық-тәрбиелік мәні

Теңсіздік … Әйел теңдігі …

Бейімбет Майлиннің “Раушан-коммунист” шығармасында көтерілген тақырып қазіргі кезде де елең алмайды деп айта алмаймыз. Әйел адамның білімге құштарлығы сол кезде теріс көзқарас деп сипатталғаны рас. Ал қазір? Қазір әйел адамның өз ролі бар, ер адамдар секілді білім алып, ғылым жолында да еңбек ете алады. Қазіргі заманда әйел адамдардың да жеке тұлға ретінде даралануы сол замандағы Раушан секілді көзі ашық қыздардың талпынысы мен таңдауында деп айта аламыз. Бірақ әйел теңдігі толықтай шешімін таппады, біз екі түрлі көзқараспен өмір сүретін замандамыз. Әйел адам-отбасының ұйытқысы, оның өмірдегі басты міндеті де сол екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Бірақ еліміздің болашағы өскелең ұрпақ қолында. Ал олардың қандай тұлға, қандай адам болып қалыптасуы тәрбиесінен бастау алады. Біреуге бірдеңе үйретпес бұрын санаңда үйретердей дүние болуы керек.

Адам қай уақытта толығады, рухани жаңғырады, ішкі әлемі көркем бола түседі? Бұл нәрселерді өмірлік қажеттіліктерді жасап толықтыра алмаймыз. Оқыған адам-көкжиегі кең адам. Оны адам табиғатына қарай бөліп қарастыруға болмайды. Жазушы кейіпкерінің, Раушанның ісін құптамай, көреалмаушылықпен болсын, іштарлықпен болсын, бір сөзбен айтқанда әңгіме аңдыған адамдар бір отбасының шырқын бұзатынынан да хабары болмады. Бір ауыл адамдары бір-бірін түсіне алмады. Себебі сана тұрғысынан әртүрлі деңгейде болды.

Тек ол ғана емес, Бәкеннің өзі де әйелінің одан қай жағынан болмасын биік тұрғанын жақтырмады, намыстанды. Бәкеннің намыстанатындай орны бар. Бірақ өмірдің екі жанды бір-біріне жолықтыруы бекер емес. Бәкеннің түрмеге түсуі, кейін Раушанды іздеуі оның өз қатесін түсінуі деп есептейміз. Бір адам бір адамның жолын байлауы, сол үшін өмірлік қызығушылығынан бас тартуы дұрыс емес. Түптің түбінде ол адам өмір сүру керек болғасын ғана өмір сүретін деңгейге жетеді. Раушан өзі үшін таңдау жасады.

Махаббат … Денеңді тітіркендіретіндей ұғым, ия? Дегенмен Мұхтар Шаханов айтқандай, махаббат-екі адамның ой-сана биігінде жолығуы дегіміз келеді. Раушан мен Бәкен арасындағы махаббаттың өрби алмауы да осыда деп түсінеміз. Көркем туындыдағы махаббат мәселесін осылай ғана түйіндегіміз келеді.

Қорыта келе, күні кешеге дейін төмен етекті саналып келген әйел заты бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуге, тіпті, елдік, ұлттық саясатқа  араласып келеді. Қазір әйелдің рөлі ерекше. Бұрын орны тек отбасы мен ошақ қасы саналып келген әйелдің бүгінгі бейнесі әмбебап механизмге құрылған дерлік. Себебі, қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тапқысы келеді. Астары айтпай-ақ түсінікті. Жабайы капиталистік идеяға негізделген қоғам соған үндейді. Біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел - саясаткер, әйел - көлік жүргізуші, әйел - бала тәрбиелеуші, әйел - үй күтуші, әйел - заңгер, әйел - экономист, әйел...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Әйгерім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні

Материалда Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының «Серке» газетіндегі орны және азаттық идеясымен сабақтастығы сөз болады.

Әйгерім 3 мин 126 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 12 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 30 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 124 оқылым