Мазмұнға өту

Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні

Әйгерім 3 мин оқу 120 оқылым

ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңінде ұлттың еркіндігі мен өзін – өзі билеуі үшін күресте қанша қуғын – сүргін көрсе де, өмірлік мұраты еткен теңдік пен азаттық жолынан ешбір таймаған,өскелең ұрпақты ойлап,тарихта мәңгілік маңызы бар істер атқарған ақын-жазушыларымыздың бірі,ұлтының шамшырағы-Міржақып Дулатов.

Ғасыр басында қазақ халқының тарихи тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрды.Бұл патшалық Ресейдің отаршылдықты күшейтіп,қазақ даласына тізесін одан одан әрі батырып,озбырлығы өрши түскен кезі еді.”Тар жол,тайғақ кешуге”тап болып,халқымыздың тағдыры тығырыққа тірелген тарихи кезеңде азаттық күресте,қасық қаны қалғанша шырыл қағып, шырылдаған шындығы өз түбіне жететұғын заманда қайраты мол империалистердің қазақты қалай зар заманға салғанын баяндаған Міржақып Дулатұлының бір өлең, бір мақаласы бүтін газеттің бүгін басталған тағдырын ертеңге жеткізбей тамырынан шауып түсірді. Нақтырақ айтқанда, Ресей отаршылдарының озбырлығын тайға таңба басқандай әшкерелеген "Біздің мақсатымыз" мақаласы мен “Жастарға”өлеңі олардың үрейін туғызса керек, бір ғана саны жарық көрген басылымның екінші санын баспадан шығып, дайын тұрған жерінен көзін құртады.Бұл жағдайдың астарына үңілсек үлкен ой жатыр.

1905-1907 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы кезінде бейресми басылымдардың етек жаюы аздап болсын ащы сөзді, ауыр ойды жеткізуге мүмкіндік берді. Осы кезеңде жарыққа шыққан татар тіліндегі "Улфат" газеті қазақ оқырмандары үшін де актуалды мәселелерді қозғайтын. Осыны ескере отырып 1907 жылы Улфат газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басшылығымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен " Серке" газеті жарыққа шықты. Демократиялық бағытты ұстанған басылымның бірінші саны "Нәжет" жинағы берген дерекке сүйенсек 1907 жылдың 28 наурызында Улфаттың 67-санына қосымша ретінде жарық көрді.

Тұңғыш басылымда-ақ "Арғын" деген бүркеніш атымен М. Дулатұлы "Жастарға" өлеңін қалың көпшілікке ұсынып:

“Найзаменен түртсе де,

Жатырсың,қазақ,оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге,ой,Алла-ай!”-деп қазақты сөзбен қамшылады.Қалың ұйқыда жатқан елің түртіп оятып,көкірек көзін ашуға,етек-жеңін жиғыза,өз қам-қарекетін өзіне жегізуге үн тастады. Ал оқырман қолына тимей жатып тәркіленіп кеткен екінші санында қазақтың бар зарын  бір-ақ сәтте "Біздің мақсатымыз" атты мақаласына жазды да салды.Жазушы мақаласында қордаланып келген мәселенің қатпар-қатпарын анықтап, жіктеп тұрып, жіліктеп бөліп Ресейдің бодандарын қалайша қан қақсатып отырғандығын тіке жеткізді.

"Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық" деген алғашқы сөзімен-ақ өзінің саяси позициясын танытты. Бұл мақалада жазушы басшы сымақтардың бәрі де қара халықтың қамын емес нанын жеп, салықты салып, пайдасыз дүниені алып, одан қалса мал-мүлкін талан-тараж ететіндерін, соның әсерінен елдің экономикалық жағдайы тым нашар екеніндігі жайлы мәселе көтереді. Ата-бабалар қасық қаны қалғанша қорғап, қаншама ғасырдан атамекен еткен жерімізді Ресейдің иелігіне заңсыз беріліп жатқандығына күйінеді,ал жұрты не егін салар, не мал жайғар жері жоқ, шарасыз қалғанын көріп көкірегі қарс айырылған Міржақып Дулатов қалың елі қазағын ойлап осылайша шындық деп шырылдап қалам тербеді.Жазушыны жатса да ,тұрса да халқының,ұлтының болашағы толғантқан еді.Өнер-білімнен кенже қалған,сахарада көшіп қонып,мал бағып,қыс күйлі,жаз жайлы болудан басқа тілегі жоқ,бейқам жатқан қараңғы еліне қарлығаштың қанатындай су сеуіп,көңіліне сәуле шашуды мұрат тұтады.

Дүниенің тұщысынан гөрі ащы дәмін көп тартқан,ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы әлеуметтік өмірдің көкжиегінде жарқырай жанған шырақтардың бірі, ұлт мүддесі үшін күреске шыққан Серкедегі алаш қаһарманы Міржақып Дулатұлының "Біздің мақсатымыз" мақаласы мен “Жастарға”өлеңі қазақ қоғамының мұң-мұқтажын айқын көрсете алды. Ұлтының мәңгілігін ойлаған абзал азаматтардың жүріп өткен жолын үлгі ету, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін ең қымбатты құндылықтардың бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ баспасөзінің даму жолдары(1860-1930 жылдар).Қазақ мемелекет баспасы Алматы-1964

2.Қайрат Сақ “Ұлттық сана ұйытқысы”

Төкен Әйгерім

                                       Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                       Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Әйгерім

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Көркем шығарманы зерттеуден туған ой

Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел бейнесін оқытудың танымдық-тәрбиелік мәні Теңсіздік … Әйел теңдігі … Бейімбет Майлиннің “Раушан-коммунист” шығармасында көтерілген тақырып қазіргі кезде де елең алмайды деп айта…

Әйгерім 49 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Көркем шығарманы зерттеуден туған ой

Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел бейнесін оқытудың танымдық-тәрбиелік мәні Теңсіздік … Әйел теңдігі … Бейімбет Майлиннің “Раушан-коммунист” шығармасында көтерілген тақырып қазіргі кезде де елең алмайды деп айта…

Әйгерім 29 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин