Мазмұнға өту

Кенді пайдалы қазбалар деген не?

Айдана 4 мин оқу 1 008 оқылым

Бекітемін:

Күні: Мұғалімнің аты- жөні: Байжанова Айдана Мектеп:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспаған саны:
Тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар деген не?
Оқу мақсаты: 4.3.4.1 - кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;

4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты: Кенді пайдалы қазбаларды ажырату.
Бағалау критерийі Кен ұғымын түсінеді.

Кенді пайдалы қазбалардың пайда болуын біледі.

Тілдік мақсат Тірек сөздерді қолдана отырып, кенді пайдалы қазбаларды қалай өндіретіні туралы айтып бере алады.
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Байыту,  балқыту, полиметалл.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Кейбір пайдалы қазбалардың жанатынын біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-бірімен қол алысып, жылы тілектер айтады.

«Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды)
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды)
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарын шапалақтайды)
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді топылдатады).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым! (күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Жедел жауап .

Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Сұрақтар:

-       Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?

-       Пайдалы қазбалардың қандай түрлері бар?

-       Пайдалы қазбаларды не үшін пайдаланады?

-       Энергия көзі ретінде қандай пайдалы қазбаларды қолдануға болады?

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы Неден жасалған?

Тапсырманың мақсаты: Металдарды әртүрлі жерде қолданылатыны туралы түсіну.

Оқулықтағы суреттерге қарап, олардың ортақ қасиеттерін табады.  Мәшине, ұшақ, трактор, жылыту батареясы, темір ыдыстар мен алтын сағатта металдың қолданылғанын түсінеді. Оқушылар жұптасып, «Кластер» жасайды. Әр жұпқа металдан, ағаштан, т.б.  жасалған заттардың суреттерін пайдаланып, тек металдан жасалғанын анықтаулары керек.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Кен қалай өндіріледі?

Мақсаты: Кеннің қалай өндірілетінін түсінеді.

«Орнын тап» ойыны арқылы оқушылар кенді қалай өндіретінін табу керек.

Топқа біріктіру.  Пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты бірнеше топтарға біріктіру ұсынылады.

Әр топқа кен өдіру үрдісі көрсетілген бірнеше суреттер таратылады.  Оқушылар суреттерді ретімен орналастырулары керек.

ҚБ. Мұғалімнің «Бес саусақ» әдісі бойынша ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Металл қалай алынады?

Оқулықтағы ақпаратпен таныса отырып, әр топ металл өнімдерін қалай алынатынын анықтайды.

Жетекші сұрақтар:

-       Кенді қайдан алады? Қандай әдіспен алады?

-       Шахталардан металл алуға болады ма?

-       Кенді байыту дегенді қалай түсінесіңдер?

-       Домна деген не?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе?

Оқушылар домна пештерінің температурасы 1500˚С-тан жоғары болатыны туралы біледі.Қазақстандағы ең ірі домна пеші Теміртауда орналасқанын біледі.

Зертте.

Зерттеудің мақсаты: Қаңылтыр қалбырдың, темір шегенің және сымның қасиеттерін анықтау.

Зерттеудің жоспарын құру:

-       Берілген металдардың қасиетін анықтау.

-       Металдың түсін, қалыңдығын анықтау.

-       Металдың қаттылығы мен иілгіштігін анықтау.

-       Қорытынды жасау.

Ресурстар. Әр топқа дайын кесте, қаңылтыр қалбыр, темір шеге және сым тарату..

Талқыланатын сұрақтар:

-Кестеден қандай мәлімет алуға болады?

-Қандай металл түрлері берілген?

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға металдардың басқа қандай қасиеттері бар екендігін сұрау. Ойларын тыңдау.

Зерттеу жұмысын қорытындылау.

Зерттеудің жоспары мен оның барысын салыстырып, қорытынды шығару.

ҚБ. Мұғалімнің «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Ғарышта ғарыш кемесіне өте көп күш әсер ететіндіктен оны жасайтын материалдар мықты болуы керектігін түсінеді. Ғарыш кемелерінің тетіктерін түрлі металдардың қосылысынан жасайтынын біледі. Оған алюминий, темір, мыс, күміс, титан сияқты ме­талдар жиі пайдаланылады.

Сергіту сәті.  Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

23-жұмыс парағы. «Кенді пайдалы қазбалар деген не?», 25-б.

Аңыз. Аңызды оқып жауап беру.

Қандай әдіспен? Оқушылар бос ұяшықтарға кенді қазбаларды өңдеудің әдістерін жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Кенді байыту әдісін біледі;

-Кенді балқыту әдісін біледі..

24-жұмыс парағы. «Металдардың түрлері», 26-б.

Сөзжұмбақ. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, «кен» деген сөзді табады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Ашық әдіспен пайдалы қазба өндірілетін жерді біледі;

- Құрамында бірнеше металдар кездесетін кенді жазады;

-Металды балқытатын пештін атауын біледі.

Кен өндіру. Кеннен металды айырып алу жолын сипаттайтын сөздерді тауып, сөйлем құрайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Кеннен металды айырып алу жолдарын біледі;

-Сөйлем құрастырып жазады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3,

Плакат, суреттер, маркер, желім

Слайд №4

Пайдалы қазбалардың суреттері

Оқулықпен жұмыс

Слайд №5,6

Кесте, қаңылтыр қалбыр, темір шеге және сым

https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

1.     Мен сабақта ________  жұмыс істедім, себебі ________.

2.     Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.

3.     Сабақтың тақырыбы ________ болды.

4.     Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау  парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:26

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Айдана

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Yassawi” инкубациялық бағдарламасы

Нұрғали Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде инновациялар мен кәсіпкерлік қызметтер экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында студенттердің бизнес-инкубаторлары мен стартап жобаларын қолдау…

Айдана 27 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Ата-ана баласының әлімжеттікпен айналысатынын біле ме?

Ата-ана баласының әлімжеттікпен айналысатынын біле ме Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені…

Айдана 45 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс

Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс Қасым – Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «Волонтерлік патриотизмнің бір көрінісі – еріктілер ең алдымен елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы…

Айдана 101 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин