Мазмұнға өту

Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс

Айдана 4 мин оқу 101 оқылым
  • Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс

Қасым – Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті:

«Волонтерлік патриотизмнің бір көрінісі – еріктілер ең алдымен елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, әрекет ету. Еріктілік деген халқымыздың шынайы болмысы – салт-дәстүрі. Сондықтан біз де бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама ұлтты қиыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет. Ұлы Абайдың «қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген сөзі осындай игі істерге үндейді. Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел – тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет».

Халықаралық волонтерлер форумында сөйлеген сөзі.

маусым, 2023 жыл

Республика жастары жұмыла қолға алып, адам өмірі үшін ең қиын сәтте қолұшын берумен айналысып келе жатқан қайырымды істердің бірі – волонтерлік. Яғни, ерікті жастардың – еліміздегі көптеген қоғамдық жұмыстардың белортасында жүргенінің куәсіміз. Олардың жеке басын қауіпке тіккен кезі – әлемді жаппай жайлаған «COVID – 19 пандемиясы» басталған шақтағы ерен еңбегін, ең қиын сәттерде адамдарға қолұшын бергенін ұмытуға болмайды. Ерікті жастардың нәтижелі істерін одан кейін де көріп, олардың атына жылы лебіз білдіріп, сүйсініп қараймыз.

Кез келген жас өз қалауымен ерікті болуға құқығы бар. Волонтерлер –қамқорлықты, көмекті қажет ететін адамдардың жанынан табылып, оларға қолұшын созып, әлеуметтік жағдай жасауға асығатын жандар. Волонтерлер тобындағы жастардың ерлік істері туралы ең алғаш рет Арыс қаласында әскери қойма жарылып, қала халқы жанұшыра бала-шағасын алып жан-жаққа шашырап жатқанда естідім. Арнайы жасақ қызметкерлерімен бірге олар қала халқын жарылыс кезінде аман алып қалуға көмектесті. Қаланы тұтас қалпына келтіргендердің де дені – волонтер жастар болды.

Волонтерлердің бүгінгі таңда атқарып жүрген істері ежелден ата-бабамыздан бері риясыз жалғасып келе жатқан қайырымдылық. Қайырымдылық жасаған адам сауап үшін деп ақы сұрамайды. Жасаған ісін бұлдамайтын адам. Заман талабына орай, еріктілерді волонтерлер деп атайды. Тек жастар легінен құралған ұйымдар жасыл экологияны көріктендіру ісінде де өнеге танытып келеді. Жаңа ғасырда қолданыстағы көптеген сөздер латын тілінен шыққанын растайды. Ресми деректе: «Волонтер — латынның (voluntarius — ерікті) деген сөзінен шыққан. Адамның қалауы бойынша өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. Еріктілер — өзінің атқарған ісі үшін ешкімнен төлемақы күтпейді, себебі бұл іс — еріктілердің жүрек қалауымен атқарған істері. Еріктілер қоғам үшін атқаратын қызметтерін азаматтық борышы деп санайды. Өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, жәрдем ету — ақысыз, жан рахаты үшін атқарылады деп санайды» — деген анықтама берілген.

Мемлекет басшысының бастамасымен өткен 2020 жыл – волонтерлер жылы болып жарияланды. Бүгінде, біздің елде ерікті жастарға ерекше құрмет көрсетілуде. Өйткені, жастар легі күннен күнге көбейіп, адамдарды, олардың отбасын табиғат апатынан аман алып шығуға жан аямай араласып келеді. Облыс аудандарын көктемгі қарғын су басқанда, өрттен құтқаруда ерлікке пара – пар батылдық танытқан жігіттер мен қыздардың өнегелі ісін Республикамыздың Президенті де айрықша бағалап, биыл маусым айының 20-21 – күндері Халықаралық волонтерлер форумын өткізді.

—Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар қолға алынды. Тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс табысты болуы үшін бүкіл қоғам ат салысуы қажет. Яғни, мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігі өте маңызды. Осы орайда еріктілердің рөлі айрықша. Бүгінде олар қоғамның түрлі саласында белсенді жұмыс істе жүр. Қазақстанда 2020 жыл еріктілер жылы болды. Біраз шаруа атқарылды. Қазір еліміздегі волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті. Яғни, 680 ұйым бар. Еріктілердің саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақта фронт офистер ашылды. Онда мыңдаған волонтер дайындықтан өтті. Qazvolunteer.Kz платформасы жасалды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев форумда.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы волон­терлік ұйымдар 224 болса, 2023 жылы олардың саны 680-ге жуықтаған. Қазіргі таңда волонтерлік инфра­құрылымды дамыту бағытында республика бойынша 20 өңірлік фронт-кеңсе жұмыс істейді. Олар жыл сайын 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізді. АҚДМ өкілінің сөзінде, БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен бірлесіп Қазақстан Үкіметінің қаржыландыруымен 7 адам өткен жылы да, осы жылы да шетелде ерікті ретінде жұмыс істейді. Әлемде 16 ел ғана осындай мүмкіндікке ие, солардың ішіне Қазақстан да кіріп отырғанын мәлім етті.

Күні ертең жүрек қалаған мамандық бойынша жоғары оқу орнының студенті атанған әрбір жас лек – легімен волонтерлік салада еңбек ететіні сөзсіз. Олардың қатарын толықтырар жастар мектеп қабырғасында білім алуда. Жастар жүрген жер қашанда көңілді, небір жауапты істердің қасынан табылып, өзінің емес, өзгенің қамын ойлаған ел жастарына амандық тілеймін! Ерлік – соғыс майданында, жаумен айқаста ғана емес, бейбіт күнде де жасалып жатыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын?!» — деген даналығы да бүгінгі жастардың жан аямайтын іскерлігін меңзесе керек. Елімізде қайырымдылық жасаған жандарды үнемі мақтан тұтып, халық алғысын аямаған.

Тәуелсіз еліміздің ерікті жастарын біз де өнеге тұтып, әр ісіне сүйсініп, қолдау – адамгершіліктің белгісі. Оларға қашанда құрметпен қарап, жақсы істердің жанашыры деп бағалайтынымыз рас.

Кусаинова Айдана Мухитовна

Туран университетинин 3 курс студенты

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айдана

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Yassawi” инкубациялық бағдарламасы

Нұрғали Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде инновациялар мен кәсіпкерлік қызметтер экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында студенттердің бизнес-инкубаторлары мен стартап жобаларын қолдау…

Айдана 27 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Ата-ана баласының әлімжеттікпен айналысатынын біле ме?

Ата-ана баласының әлімжеттікпен айналысатынын біле ме Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені…

Айдана 45 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Абай дана, Абай дара қазақта…

Мен бұл мақаланы ғалым Ақжан Машановтың ғылыми деректеріне сүйене отырып, жаздым. Болашақ- бүгінгі біздердің еншімізде. Абай шығармаларында «толық адам» туралы айтады. Яғни, менің түсінігімде толық адам жаңа ғасырдың…

Айдана 25 оқылым 6 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин