Мазмұнға өту

Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері

Тогусаева Ажаргуль Казийкановна 1 мин оқу 116 оқылым

Тогусаева Ажаргуль Казийкановна

Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері.

Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі мектептен бастап қаланады.   «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні - білімалушыларды  тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

Деңгейлік  тапсырмалар арқылы оқытудың мақсаты - білімалушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту,сөз тіркестерін мен сөйлемдерін іс жүзінде дұрыс пайдалану білігін жетілдіру. Оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға жаттықтыру, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, дұрыс оқуды  дағдыландыру мақсатын көздейді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі: деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы, білімалушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі, білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі, білімалушылардың жұмыстары әділ бағалануы, білімалушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы, дарынды білімалушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы, шығармашылық жұмыс, олимпиадалық  жеңімпаздарының саны артуы.

Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабақтарда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады: жаңа материалды оқып үйренуге және оқып игеруге деген білімалушылардың пәнге қызығушылығын тудырады, жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма білімалушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйретеді, өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы білімалушылардың білімін саралауды ұйымдастырылады, білімді дайын күйінде бермей, білімалушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетістіктерге қол жеткізіледі, білімалушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданылды, білімалушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасалынады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тогусаева Ажаргуль Казийкановна

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 182 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 200 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Авторлық ұлттық ойындары – тәрбиенің қайнар көзі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қазақ тілі мұғалімі Аннотация: Қазіргі замандағы жаһандану үрдісі мен цифрлық…

Әмірбекова Айгүл Әзімханқызы 143 оқылым 7 мин
Қазақ тілі

Қазақ тілін өмірмен байланыстыра оқыту

“Elite school” жекеменшік мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аннотация Мақалада қазақ тілін өмірлік жағдаяттармен ұштастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Өмірмен байланыстыра оқыту тілдік…

Асқар Гүлназ Болатқызы 85 оқылым 6 мин