Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төрехан батыр (5-бөлім)

Төрехан · Н. Сариманов нұсқасы · 1 мин оқу

Қысылғанда ғайыптан пірі кездесті. Бес күн жол жүріп, он мешіті бар Сырлы шәһарына келеді. Ноғайлы елінен асқан алып батыр келді деген хабармен Сырлы қаланың ханы дағара қағып, он мың қолмен қаладан шықты. Ханның көзі балаға түсіп кеткен екен, Төреханның төбесінде төрт бүркіт ойнап келеді екен, ғажап оқиғаны көріп есінен танды. Ақылынан адасып, бір жарым сағат тұрды.

—Ей, қалмақтар, сендер сонша неге даурығып жатырсыңдар, мен дұшпан емес, доспын, егер жазықсыз жанға қылыш сілтеп, қан төккілерің келсе, оны айтыңдар. Мен бақ іздеп елімнен олжа үшін келгенім жоқ, осы елге қарындасым кетіпті, соны іздеп келемін. Менімен соғысам десеңдер, Өгізді таудың басынан жұма күні табыламын.

Хан жас баланың тамаша сөзіне таң қалды. Үйіне әкеліп, алты күн қонақтап, кетерінде балаға мынау сөзді айтты:

—Ей, Төрехан, аузы алты қарыс Орақ-Мамайдың жиені болсаң, мұндай әділдікті қайдан үйрендің?!—Тақсырым, менің әкем Темірхан деген кісі. Темірхан хан болғанмен, қара еді. Ол әділдікті сүюші еді. Әкемнің сарайына барғанымда оның ылғи әлсіз адамдарды жинап алып, солармен сөйлесіп, қонақтап жатушы еді. Оның досы шаруалар болушы еді. Маған да солай үйреткен өмір. Нағашыларымның үнемі хандықты талқан етіп отырғаны мәлім емес пе, егер мен сенімен соғыссам, мыңдаған жазықсыз адам өлмек, оның қаны кімнің мойнында? Бұл сүйекке сынық, арыма кір келтірмей ме?

Төрехан ханмен, халықпен достасып, арсыз ағаларының ұятын кешіп, қарындасы Бибімен көрісіп, еліне қайтты. Арыпашып еліне келді. Халық қуанышпен алдынан шықты. Төрехан халқымен есен-саулық сұрасқансын, үлкен той жасатып, он екі баулы ноғайлыны шақыртты.

Халық әділ, жас Төреханды хан етіп көтереді. Төрехан бек әділ, қайырымды хан болды. Жарлысына ас, жаяуына ат берді. Сөйтіп, нақ отыз алты жасында Төрехан дәмі таусылып, дүниеден қайтты.

Тағы оқыңыз