Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төрехан батыр (1-бөлім)

Төрехан · Н. Сариманов нұсқасы · 3 мин оқу

Баяғы ноғайлы заманында Темірхан деген хан болыпты. Хан ажалы жетіп өліпті. Бәйбішесінен бір ұл, бір қыз қалыпты. Ұлының аты—Төрехан, қызының аты—Бибі екен.

Төрехан алты жаста екен, тоқалдан туған ағалары: Егізбай мен Сегізбай жазықсыз Төреханды өлтірмек болыпты. Әдетте хан өлсе, хандық қара орында қалады екен. «Енді хан Төрехан болады, онда біз не көреміз, Төреханды өлтіріп, орнына хан болайық» деп кеңеседі.

Төреханның хандықпен ісі жоқ екен. «Екі қатынның баласы—екі түрлі ел деген» мақал сол ғой, шамасы Егізбай мен Сегізбайдың мұндай жағымсыз ісіне көл де, жер де, ауа да, адам да, мақұлық біткеннің бәрі қарсы болды. Оларға лағынат айтты. Ендігі хабарды Төреханды өлтіруге аттанған екі ағасынан естіңіз.

Егізбай мен Сегізбай
Арқызыл мен Сарқызыл
Жараған тұлпар мінеді.
Жағасы алтын кіреуке
Ілгегін сала киеді.
Балдағы алтын ақ болат
Орай белге іледі.
Таң да сәрі болғанда,
Таң шолпаны туғанда,
Төбеден жұлдыз ауғанда,
Азу алмас қос пері
Қаладан шыға жөнелді.
Хақ пайғамбар жолында,
Алтын құман қолында
Екеуінің анасы
Тұр екен сонда жолында.
Шылбырын жұлып алады,
Қолына мықтап орады.
—Қарағым, қайда барасың?—деп,
Екеуінің сапарын
Шешесі сонда сұрады.

Баласы сонда сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
—Айналайын, шешеке,
Жата берсең болмай ма
Алтыннан салған қалаңа?
Тілекші болсаң болмай ма
Біз секілді балаңа?!
Шешесі сонда сөйлейді:
—Айтпасаң да білемін,
Сыртыңнан күндеп жүр едің.
Төреханды өлтірме,
Басына қорлық келтірме.
Сендер қанат болғанда,
Төрехан құйрық болмай ма?
Қос қанатпен ұшқанда,
Құйрығымен қонбай ма?
Құйрығыңды кескенсін,
Құйрығың шолақ болмай ма?
Төреханды өлтірме,
Басына қорлық келтірме.
Төреханды өлтірсең,
Хандық түгел боқ та жоқ.
Ноғайлының сыртында,
Құбыла сарай бетінде
Аңырап, бәлем, қаларсың,
Сонда түсер есіңе.
Мұны естіп баласы,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Астындағы тұлпары
Өз-өзінен зең салды.
—Айналайын, шешеке,
Төреханды жоқтасаң,
Екі көзіңді оярмын,
Ту сыртыңнан соярмын,
Тікеңнен жерге қоярмын.
Осылайша айтты да,
Шылбырды жұлып алады,
Атқа қамшы салады,
Шаңды-шаңға қосады,
Шаң аспанға жосады.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда,
Төрехан тіккен орданың
Қылышпен тіліп жабығын,
Жиегін батыр ашады.
Сол уақыттар болғанда,
Төрде жатқан ер Төре
Көтеріп басын алады,
Жан-жағына қарады.
—Қайда кеттің, хан шеше,
Айырдан туған, жан шеше,
Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Біз секілді пақырды
Қорғап жүрген пір көрдім.
Мен бір туған қудаймын,
Құрай қуған торғаймын.
Зауалым шайтан болмаса,
Түсімнен қорқып, аңдаймын.
Ақсұңқар құстың баласы
Торға түсіп талпынды.
Жалғызыңа күн туды,
Жылдам жина халқыңды!
Шешесі сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қаса бір жақсы сен десем,
Қаса жаман сен бе едің?
Отыра бер қасыма,
Жаулық сал да басыңа!
Бұл айтқанын қош көріп,
Ұйықтап тағы қалады.
Бір уақыттар болғанда,
Ұйықтап жатқан ер Төре
Көтеріп басын алады,
Жан-жағына қарады.
Жағасы алтын кіреуке
Ілгегін сала киеді.
Балдағы алтын ақ болат
Орай белге іледі.
—Алып берші алмасым,
Ішінде болсын жолдасым.
Маған келген дұшпандар
Қарсы келіп оңбасын.
Өкпесі оттай қабынып,
Алтын айдары шұбалып,
Мақпалдай беті қуарып,
Мезгілсіз келген жандардың
Алдынан шықты қуанып.
—Ассалаумағалейкүм,
Егізбай мен Сегізбай,
Екі арыстан ағам-ай.
Аман ба еді ақ сүтін берген анаң-ай?!
Аман ба еді алтыннан салған қалаң-ай?!
Түсің жаман қашыпты,
Бетіңді шаң басыпты.
Арқызыл мен Сарқызыл
Жараған тұлпар мініпсің.
Жағасы алтын кіреуке
Ілгегін сала киіпсің.
Балдағы алтын ақ болат
Орай белге іліпсің.
Тауда тарлан бөрі едім,
Қайыспайтын ер едім.
Хан қалпақты киейін,
Қараша атқа мінейін.
Жауыңды айтшы, ағеке-ау,
Сен өлген жерде өлейін!
Ағасы сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Арқызыл мен Сарқызыл
Жараған тұлпар мінгенмін.
Жағасы алтын кіреуке
Тоңғанымнан кигенмін.
Балдағы алтын ақ болат
Сән болсын деп ілгенмін.
Әкемнен қалған Қара тау
Қарауыл қарап жүргенмін.
Аппақ болған етіңнен,
Мақпалдай болған бетіңнен
Төрехан сыңды баланы
Бір сүюге келгенмін.

Тағы оқыңыз