Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жиреншенің ханның уәзірі болғаны

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел:

—Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой,— депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де:

—Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел,—депті. Хан Жиренше кеткеннен кейін әйелді кеңсесіне шақырып сөйлесіпті. Ханға:

—Жұрт жатысымен келерсіз,—депті. Күн батқан соң Жиренше қайтып келіпті. Әйел бір үлкен сандыққа жатқызып, өзі іс тігіп отырыпты. Айтқан уақытта хан келіпті. Әйел:

—Сіз мені қинайын деп отырсыз ғой, бірақ мені жақсы көрмейсіз ғой,—депті. Хан:

—Сізді қатты жақсы көрем,—депті.

—Рас болса, менің ышқыр бауымды тісіңізбен шешіңізші,—депті. Хан:

—Жарайды,—деп, әйел жатқанда ышқырбауды тістеп жатқанда бір көрші әйел кіріп келіпті. Хан ақырыпты:

—Түнде неғып жүрсің?—деп. Әйел:

—Отқа келіп едім,—депті. Сонда Жиренше сандықта жатып ақырыпты:

—Неғылған тентек қатынсың. Осы үйде от болса, әйелдің астын шикілеп жей ме?—дегенде, хан есікке қарай атылыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз