Сырымның айтқаны
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Өзбек, қалмақ, түрікпен үшеуі Ресейге қосылу жөнінде патша өкіметіне адам жіберсе, олар: «Амударияны сат»,—дейді. Олар не айтарын білмей, ойласа келе, Кіші жүзде Дат баласы Сырымға адам жібереді. Сырым: «Суды сатамыз, егер алатын болса, қалаған жерінен таразысын құрсын да, пұтын жарты тиыннан алсын» деген екен.