Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сырым бастаған бір топ аттылы адамдар тікелей шауып келіп Нұралы хан отырған киіз үйге келіп, аттарын тоқтата салып, жанындағы қылышын қынабынан суырыпты да, ашулы екпінмен Нұралы жатқан үйге Сырым жетіп келгенде, оның алдынан Нұралының көп қатынының бірі болған Сырымның туған қарындасы Ақлима шыға келіп, ағасына мынадай тоқтау айтыпты:

—Сабыр, сабыр, көкешім,
Ашуды ақыл билейтін.
Ашуды ақыл билесе,
Батыр мыңды жеңетін.
Қастерін тіккен қалың жау
Ақылсыз екен демесін.
Ханның басын қарындасыңа
Саудаға беріп кетерсің.
Көре алмаған қай дұшпан
Бере алмай кетті демесін.
Бекарыстың баласы—
Қайратың мұхит ер елсің.
Дегеніңе жүрмесе,
Айтқаныңа көнбесе,
Қолыңа қызыл ту алып,
Қол алдына желерсің.
Мен де Даттан басқа боп,
Туған жоқпын десем, не дерсің?!

Сырым Ақлиманың сөзіне тоқтап: «Әй, шырағым-ай, иттің басын сұрап не қылғаның?»—депті де, қолындағы қылышын қынабына салып, атына мініп жүріп кетіпті деседі.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз