Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бұл—Мезгілбайдың ауылы (II нұсқа)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Бөкей хан билеріне пышақ беріп: «Біреуі—байдікі, біреуі кедейдікі, соны табыңдар»,—дейді. Екі арғымақ беріп: «Біреуі—анасы, біреуі—баласы, соны табыңдар»,—дейді. «Жайық жақтан кісінген жылқылардың даусынан Нарындағы биелерім құлын тастап жатыр. Соны қойдырыңдар!»—деп бұйырады. Билер бұған не жауап берерін таба алмай, сасып, қарттардан ақыл сұрап ел жағалап келе жатса, ауыл сыртында бір тоғыз-он жасар бала қозы жайып келе жатыр екен.

—Бұл кімнің ауылы?—дейді жолаушылар.

—Бұл—Мезгілбайдың ауылы,—дейді бала.

—Бұл ауылдан әрі ауыл бар ма?

—Мұның ар жағында «қайда-қайданың» ауылы бар, онан әрі «кейін қайталықтың» ауылы бар,—дейді бала. Жолаушылар жүре береді. Біраз жүрген соң «қайда-қайдалап» ел таба алмай, адасып «кейін қайталық» деседі. Қайтып Даттың үйіне келіп түседі. Даттың үйінен манағы қозышы баланы көріп билер:

—Шырақ, алдарыңызда ел бар деп бізді алдап жібергенің не?—дейді. Сонда бала тұрып:

—Түу, хан, уәзірге керім білгіш адамдарды қоя ма десем, кез келген адамды қояды екен ғой. Мен сіздерге айтпадым ба, біздің ауылдың ар жағында «қайда-қайданың» ауылы бар, одан әрі «кейін қайталықтың» ауылы бар,—деп.—Сол айтқаным келген жоқ па?—дейді. Билер ешнәрсе айта алмай, отырып қалады. Ханның жұмбағын біреу шешсе осы бала шешер деп билер ханның жұмбағын балаға айтады. Бала екі пышақты кезек-кезек отқа қыздырады. Сонда бір пышақтан шып-шып май шығады да, екінші пышақтан су шығады. Сонда бала: «Май тамған пышақ—байдікі, су тамған пышақ—кедейдікі», – деп, бірінші жұмбақты шешеді.

Одан кейін астауға бір шелек сүт құйдырады да, екі арғымақтың алдына қояды. Біреуі астаудағы сүтке еңкейе бергенде, екіншісі оның басынан асыла барып ішеді. Бала: «Тамағыңның астынан ішкен—баласы, асыла барып ішкен—енесі»,—деп, екінші жұмбақты шешеді.

—Үшінші жұмбақты ханның өз алдына барып шешемін,— деп, билермен бірге жүреді және мылтық ала жүреді. Бөкей хан ауылының төбеттері абалап алдынан шыққан-ды. Бала иттерді атып тастай береді. Бала билерден бұрын үйге кіріп келгенде, хан қаһарланып:

—Төбеттердің саған қандай жазығы бар еді, иттерімді неге атасың?—деп, дүрсе қоя береді. Сонда бала Сырым:

—Мен бір күні мал бағып жүргенімде малыма қасқыр шапты. Мен қанша айқайласам да, сенің төбеттерің көмекке келмеді. Сондықтан аттым,—дейді.

—Біздің хандықтарымыздың арасы қашық жер ғой, сенің даусыңды менің төбеттерім қайдан естиді?—дейді хан.

—Ендеше сіздің құлын тастап жатқан биелеріңіз біздің жылқыларымыздың кісінеген даусын қалай естиді?—дейді Сырым.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз