Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйімбай туралы ел аузында мынадай аңыз бар

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Аронның он шақты ғана қойы бар екен. Қозысын қасқырдан қорқып үйіне көгендейді екен. Сүйімбай бала жігіт, үйінде ұйықтап жатса, түсінде бір кісі келіп: «Балам, көген аласың ба, өлең аласың ба?»—депті. Бала: «Өлең аламын»,—депті. Орнынан бастырлығып, тілі күрмеліп оянып, ұшып түре келіпті. Әкесі мен шешесі шошып, бір тоқтысын басына әкеліп бауыздап, қанымен ұшықтап құрмалдық етіпті. Сонан барып тілі шығып, құлағын бұрап өлең айтқан екен. Сүйімбайдың кейіннен өлең айтқанда құлағын ұстап айтатыны осыдан қалған әдеті екен дейді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз