Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Шыңырау» (VІ нұсқа)

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсырудың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. Осындай жан түршігерлік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде тас бірдемелерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп дауысы естіліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да, тамам халықты жиып алып, шешесінің зарлағанына қарамай: «кімде-кім үкіметке қарсы шықса, осылай өлтіріледі!»—деп осы құдыққа тастайды. Кейін осы аянышты жағдайды Шақабай шалап деген адам «Шыңырау» деп күймен бейнелеген деседі.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз