Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Шыңырау» (ІІ нұсқа) (2-бөлім)

Күй аңыздары · 2 мин оқу

—Бір жаман түс көрдім, түсімде Әзілбек екеуіміз бір биік шыңға шығып бара жатыр едік, бір алып айдаһар жолымызды бөгеді. Алдымен оны, артынан мені жұтты. Содан шошып кеттім,—дейді жеңгесіне үрейлене қарап.

Олар дәл осылай сөйлесіп отырғанда бағана Әзілбектер кеткен жақтан аттан сап айқайлаған дауыс бүкіл даланы жаңғырықтырып, жайын отырған ауылды елең еткізеді. Мұны естіген Назигүл мен Гүлбике жүгіріп далаға шыға келсе, Әзілбектің Бәйгеторысына мінген ақ жейделі бала шыр-шыр етіп келе жатады.

—Ой, не болды?..

—Әзілбектің аты су ортасында жығылып... сұраулар мен үздік-үздік жауаптар Назигүлге анық ұғылмады.

Онсызда дымы құрып әрең тұрған арудың бойы бір ғажап қорқынышты жалынға шарпылғандай дір етеді де, не болғанын өзі де сезбей, белдеуде тұрған сандал торыға қона кетіп ұмтылады.

Оның артынан дүркірей шапқан ауыл адамдары келгенде, Сандалторы бір боз талға байлаулы тұр екен. Маңында жан көрінбепті. Тек өзеннің қан жұтып, құтырынып алған асау толқыны айбар шегіп жатыр екен.

Өзеннің екі жағындағы ел екі бірдей есілінен айрылып зар еңірейді.

Күн бесігіне дейін атты-жаяулар өзеннің екі жағын көп қарап, түк таппай тарығыпты. Ақыры жеті дөңбекті сал етіп, екі өнерпазды «Қан иірім» деген жерге дейін қарауға шығарыпты.

Бұл екеуі асау толқынмен жағаласып, ақыры тастан-тасқа соғылып быт-шыты шыққан салдан, екі дөңбекке жармасып, «Қан иірімге» жетіпті. Олар иірімдегі бүркіт ұясынан бір нәрсенің елбең еткенін көріп қалыпты.

Қиынның ала қанат қыранын аумен алатын бұл екеуі өмір бойы бүркіт ұясынан осындай жәндік байқамаған екен. Олар бұған қайран қалады.

Мына екі өнерпазға бір ғажап елес көрінеді. Суға иіліп тұрған боз талға Сандалкерді іле салған Назигүл асау ағынға ашына қарап тұрғанда, қанды толқын арасынан Әзілбек елестеп, өзін суға атады.

Ол сұрапыл толқын соңынан жағаласып, «Қан иірімге» келгенде, бауыры Әзілбекке берген домбыра», иірімді бір айналып барып жағаға шығады. Қыз толқынды жарып барып домбыраны алады да, асау ойдың езгісінен талықсып кетіп, бүркіттің ұясынан бір-ақ шығады. Ол соңында тұрып «Қан иірімнің» түбін бір көргісі келеді.

Тасқа жабысып тұрған екі адамның: «Қарағым, бері кел, құлап кетесің»,—деп тұрғанын Назигүл естіген жоқ. Көз жасы құрғаған қатулы қабағын түйіп тұрып, туған ел, өскен жеріне қош айтып, тоғыз түрлі ағаштан қюлап жасалған домбыраны үйіріп лақтырып жібереді де, қарын иірімге ыршиды. Оның қызыл сәтен көйлегі көбелектей көлбеп барып, су бетіне қона бергенде, рақымсыз тылсым күш оны лып еткізіп жалмай салады!..

Домбыраны жел аударып кетіп жағаға түсіреді. Домбыраның күйін қойып, өзін жасап жүрген екі өнерпаз осыдан кейін көп ойланып, ғашықтардың арманына, қиуасыздығына кез болған бақытсыздығына толы «Шыңырау» деген күйді шерткен дейді.

«Шыңырау» күйі елге осылай тарап кетіпті.

Осыдан соң бұрынғы Көкжал өзені «Шыңырау» өзені деп атаныпты.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз