Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Шыңырау» (ІІ нұсқа) (1-бөлім)

Күй аңыздары · 2 мин оқу

Ертеде оңайға өткел бермейтін Көкжал деген өзеннің екі жағалауында Байбол, Тауасар деп аталатын екі ауыл болыпты. Байболдың кіші келіні Гүлбике енесіне ақыл салғаннан кейін, ауылдағы жылқышы баланы шақырып:

—Сен, Тауасар ауылына бар, күйеу жігіт Әзілбек ұрын келіп кеткелі осы ауылдың есігін ашқан жоқ. Бала өзі келеді деп отырсақ, күз келіп, көші-қон болып кететін түрі бар. Сен, бар да күйеу баланы шақырып кел!—жұмсайды.

Жылқышы бала тау асып, тас басып, өткелден ат жалдап өтіп, әзер дегенде Тауасар ауылына барады. Жылқышы бала Әзілбекке биебау басынан кезігіп, келген бұйымтайын оған оңашалап жеткізеді.

Онысызда сағынышпен сарғайып жүрген Әзілбек бұл хабарға қуанады да, қайын жұртына кешікпей баратынын айтады.

Әнші, биші, күйшілердің бір тобын ертіп, Байболдың кіші ауылына Әзілбектер келгенде, ауыл той болып жатқан секілді әбігер екен. Қонақтардың алдынан шығып ат ұстаған даяшылар бірінен соң бірі келіп, қонақтардың атын алып, ілтипат көрсетеді.

Арнайы орналастырылған үйлерге жайғасқан күйеу жігіт және оның серіктері ауыл азаматтарының «Той бастар», «Күй басы» деген күйлерін тыңдайды.

Әзілбектің өнерлі серіктері әр алуан өнерлерін көрсетіп, ауылды думанға бөлейді. Олар осылай отырғанда, үкілі камшат бөркін шекесіне салған бір топ қыздың ортасында Әзілбектің қалыңдығы Назигүл де топ ортаға келеді.

Жастардың ән-сазы күн батарға дейін толастамайды. Кешкі қызықты да Гүлбике алдын ала орайластырып қояды. Екі-екіден жұптасып, әріптесін тақымдап қуып айтысқандар таңның қалай атып, күннің қалай батқанын сезбей де қалады. Осылай өткен сауық кештер мен қызықты күндердің неше аунап түскенін білгендер болмапты.

Бір күні сәске мөлшерінде шайға отырған Әзілбек Гүлбикеге иіліп келіп:

—Біз қайтайық, ауылдан аттанғанымызға бірнеше күн болыпты,—дейді. Күйеу жігіттің ойын біле қойған Гүлбике де қонақтардың қайту талабын үлкен шешесіне жеткізіпті. Сонда көп ойланып алғаннан кейін, қарт ана Гүлбикеге тесіле қарап отырып:

—Суы құрғыр ағаш басына шығап, сабасынан асып жатыр дейді ғой, балалар абай болсын!—дегенекен. Гүлбике күйеуді жолдастарымен аттандыру қамына кірісіпті.

«Тіл астында тіл бар» дегендейін, неше түнге созылған әзілдердің соңы айтылып, бірін-бірі қимаған жүректердің белгісі— кестелі орамалдар қолдан-қолға өтіпті.

Олардың осындай аттанар кезінде, Әзілбектің кенже балдызы келіп, бір домбыра ұсынған екен. Бұл домбыра тоғыз түрлі ағаштан қиылып жасалыпты. Үп еткен салқын самал тигенде екі шегінен сазды үн шығады екен.

Олар аттанғанда, тұрып қалған жеңгесі қайта айналып үйге кіргенде, Назигүлдің өзінің төсегінің үстінде отырғанын көріп: «Жатып, тынықшы»,—деп Назигүлді төсегіне жатқызып, шымылдықты түсіріп қояды. Мамық төсекке жата сала көзі ілініп кеткен қыз «Алла!» деп ұшып түрегеледі. Оның шошып оянғанын білген жеңгесі «не болды?» деп қасына барғанда, қыз:

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз