Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Саржан төренің құда түсуге баруы (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Алтай Алдажұман байға Сағақ сәлем айтыпты: «Алтай Тоқаның байымын деп тоқа да мен айтушы едім, Алтайда алтай тоқаның байымын деп Жұман мақтанушы еді, міне, мен байлығымды үш жүзге көрсеткелі әкеме ас берейін деп жатырмын, Жұман менен байлық асырамын десе, осы асқа екі ат мініп келсін, бір атты жалғыз атты кедей де мініп келеді»,—деген екен.

Сонда Сағақ асқа Жұманның келуін аңдып тұрыпты. Жұман келгенде, алдынан шыққан даяшылардан сұрайды:

—Жұман қандай ат мініп келген екен?—деп. Сонда алдынан шыққан даяшылар бірі:

—Қояндай боз ат мініп келді,—десе, бірі:

—Былшылдама, көмірдей қара ат мініп келді,—деп күжілдесіп, раһласып қалыпты. Себебі, Жұманның мініп келген атының бір жағы қояндай боз екен де, бір жағы көмірдей қара екен. Боз жағынан көрген боз ат—деп, қара жағынан көрген қара ат—деп, ойлайды екен. Сағақтың екі ат мініп келсін дегені осыны ойлап айтқан екен. Сонда Сағақ айтыпты:

—Жылқысынан мұндай мал туғандығы Жұман менен бай екендігін дәлелдепті, қанша тұяқ дегенмен менің жылқымнан мұндай мал туып көрген жоқ»,—депті.

Жұманның Тәңірберген асына мініп барған осы атын Сармантай Алшағырұлы Бижан заманасындағы ақ патшаның көрінісіне мініп барған екен. Осы екі жындыны да сол замандағы жұрттың көзі түгел көрген екен.

Өзге былшыл не керек? Басқы аттың бәйгесіне Байсақалдың бес асаудың бірден соңғысын тікті дейді. Киіз орнына шұға жапқан, ол шұғасының бір кезі бір атқа алынған екен. Ол отаудың ішіне сірестіріп, текшелеп жасауды жиып, екі босағадан екі қанат керегегенің бойы бос құры тұрды. Ал, шымылдықты құрып, алаша төсекті белден салып, жеті жетімнің ең басы ұрғашы жетім екен, ай десе, аузы, күн дейін десе, көзі бар бір қасық сумен жұтып жібергендей, жасы дәл он бесте сұлу қыз екен. Сонда үш жүзден атақты, даңқты неше түрлі жүйрік келді. Санын Құдай біледі, жұрттың көзі «ат қашан келеді?», «Қандай жандардың маңдайы жарылып тұр екен?»—деп аузында сол сөз болып отырғанда, өзге ат жоқ, бір бес қылаң, бесеуі де ақ-көк құйрық тістесіп, бірінен-бірі тіркеп қойған малдай шұбап қарақшыдан өте шықты дейді.

Сөйтсе, қыпшақ қарабалық Алданазарханның ағайынды екеуінің аттары екен. Сонда ең алдында келген ат ағайынды екеуі енші алысқан күнде інісінің сыбағасына тиген екен де, ағасының қойшысы мініп қой бағып жүрген қолау көк құнан екен. Өзін қойға мініп, өзі қолау, ақсақ болған соң, елеусіз болғандықтан керек қылып сұрап, інісі алмай: «Мынау сенің сыбағаң»,—деп еді,—деп ағасы қоса қоймай, осы бәйгеге ағасы жаратып алып келіп қосқан екен. Сол жерде інісі шап ете түсті дейді. «Енші үлескенде өз аузыңнан маған беріп едің, біздің қойшының астындағы қолау көк сенікі деп едің, жалғыз соған қарап қалмағандықтан, мен алып жылқыма қоспап едім де, сондықтан сенің малыңда жүріп кетіп еді. Енді атымның басын бер не бәйгесін бер? Бірін қимасаң, мен саған бауыр-туысқан болмаймын»,—деп, ағайынды бір туысқан араз болғанда, елден бұрын араздықты бастаған осы екеуі болған. Екеуі де бірін-бірі көріспей кеткен екен.

Сол көріспеген бойымен жүріп, ажалы жеткені өліп, ажалсызы тірі қалған күнде, тірі қалғаны арман қылып Шоң биге шағып сөйлеген екен: «Шөп кіндікті малға бола, адам кіндікті бауырымды көре алмай кеттім-ау, обалым заманымдағы атқа мініп, ауызға ілінген жақсылар, сендердің мойныңа!»—деген екен дейді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз