Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еспембеттің Адақ атануы (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

—Қыз менің жанымда тұрады. Жаулығын бір батыр апарып ағашқа байлап, тастың үстіне қойсын. Мен атып көрейін,—депті ол. Жаулыққа Еспембеттің оғы жетіп, жерге құлайды. «Екінші шартын орындаймын. Үшінші жұмбағын шешейін»,—дейді.

—Бұл қыз,—депті Есекең сөзін сабақтай түсіп,—орнықты, қара ормандай халықтың ішіндегі бір адамның үш баласының бірі екен. Аулын жау шауып, үйінің шаңырағын шағып ойрандағалы жатқанда, елінің бір батыры құтқарыпты да, осы қызбен уәде байласып, ел іргесі тынышталып, ес жиған кезде қосылу үшін осы орамалды берген көрінеді. Сол аралықта біздің адамдарымыздың қолына түскен көрінеді. Енді қазір талас туып тұрған жәй бар. Бұл қыз уәдеге берік жан көрінеді. Махаббат қадірін жоғары қоятын шынайы адам екен. Егер бірінші ретте жебе орамалға тисе, онда тастан ұшып өлмек еді. Малтаған бір жігіт бұрын жетсе, суға құламақ еді. Мен басынан осыны біліп қатынаспадым. Ал енді сынақ бойынша қыз бәрін мойындады. Мен алуға тиіспін. Сүйіспеншілікті қастерлеген адамды қорлағанымыз дұрыс болмас,—деп ханға қарапты. Сонда Абылай мынадай билік айтқан екен.

—Еспембеттің мергендігіне, ерлігіне, кең ойлы кемеңгерлігіне, нәпсіге жол бермеген жомарттығына разы болып, оның тілегі бойынша қызға кешірім етіп, талабын орындалық. Барлық жас батырларымыз Еспембеттей әрі шешен, әрі кешірімді, әрі жомарт болсын. Қызды босаталық. Барақтың көжегіне мінгізіп, үш адам Шағандағы Ақпантайға жеткізсін. Ақпантай мекеніне апарып, ел жұртыңа табыс етсін. Еспембетке Жаман жер сырын біледі, сондықтан сол ерсін. Қабанбайдың қызы Назымды жолға дайындасын,—депті.

Мұны естіген соң қыз сол кездегі тәртіп бойынша жерге бас қойып, хан бастатқан барлық батырларға тағзым етіп, Еспембет батырдың тізесінен құшақтап, «жан ашуымен істеген істеріме кешірім етіңіз, маған адал аға және мейірімді жанашырым болғаныңызға рахмет айтамын»,—депті.

Қыз аттанғаннан кейін хан барлық батырларды, билерді жинап, Еспембетке қандай атақ береміз деген кеңес өткізіпті. Сол кеңесте Қазыбектің ұсынысын басқа билер де, батырлар да қостап, тұңғыш рет «Адақ» деген ат беруді ұйғарыпты. Сонымен Қабанбай Дарабоз, Еспембет Адақ атын алып, соғыс тоқтап, хан ордасын Көкшетауға тігіпті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз