Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Әуппай» (ІІ нұсқа)

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: «Әуппай, әуппай»,—деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші:

Айналайын балам-ай,
Жас балаңа алаңдай,
Аш болсаң да, ойыңда
Аман сақтау балаңды-ай,—
деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз