Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйтей батыр (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

...Қазақ, қалмақ жасақтары екі төбенің басына жиналып, қан төгіспек үшін бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қалмақ жағынан дене бітімі ерекше, ірі жасақ Жамқайын атын ойнатып, екі төбенің ортасындағы жазыққа шықты да, найзасының қазақ жасақтарына қаратты. Ол жекпе-жекке шақырудың белгісі еді. Жамқайынның зор тұлғасын көрген қазақ қолы абыржып, тұрып қалды. Дәті шыдап, жекпе-жекке ешкімнің шыға қоймайтын сыңайын байқаған Хангелдінің қаны қашып, сұрланып, жан-жағына қарап, сарбаздарын өткір көздерімен шолып өтеді. Осы кезде ортаға атан төсті құлагерін ойнатып, Хангелдінің алдына Әйтей жетіп келеді де:

—Ата, батаңызды беріңіз! Жекпе-жекке мен шығамын!— депті. Сонда Хангелді оның түрін көріп:

—Балам, жастау екенсің, жасың нешеде? Қайратың қандай еді?—деп сұрайды. Әйтей:

—Ата, жасым он жетіде, бір топ тал шыбықты бұрағанда суын шығарушы едім,—дейді. Хангелді:

Ауыздықпен алысқан құлагерін ортекедей орғытып Әйтей де жазыққа шықты. Екі сарбаз бір-біріне құйындата қарсы шаба жөнеледі. Басын жіберген құлагердің құйрығы ұшқан құстың қанатындай түп-түзу болып көрінді. Екі ат бір-біріне жақындағанда, батырлар ұстаған найзалардың қалқанға тиген ашты дауыстары шаңқ-шаңқ етіп, бар назарын осы сарбазға аударып тұрған жасақтарға естіліп тұрды. Екеуі бірін-бірі көпке дейін ала алмайды. Қалмақтың қара күші басым болғанымен, амал-тәсілі шамалы, қимылы борпылдақ екен. Әйтейдің шапшаңдығына төтеп бере алмаған қалмақ әбден қан сорпа болып терлеп, берекесі кете бастады. Екеуінің ұрысқаны қанша уақытқа созылғанын кім білсін, бір кезде көз ілеспес жылдамдықпен қимылдаған Әйтей найзаның ұшымен қалмақтың кіндігінің ұшынан шаншып, бұрап-бұрап жіберіп, тартып қалғанда, оның ішек-қарны ақтарылып, өзімен бірге жерге түседі. Жерге екі бүктеліп топ ете түскен жауының басын Әйтей қылышымен шауып алады. Мұны көрген қазақ жасақтары қуанғанынан «Бақтиярлап, Қарасайлап» төңіректі күңірентіп жібереді. Қалмақтар жағы алдыңғы сенімінен айрылып, қатты абыржиды. Олардың жан-жаққа бытырап қаша бастағанын байқаған қазақтар лап қойып, жауды жеңеді. Осы ұрыстан кейін сол жердің аты «Ойрантөбе» болып айтылып келеді.

Жалындаған жас жолбарыс Әйтей батыр әскери қолбасшылыққа ие болған соң, дереу іске кіріседі. Алғашқыда әскери жорылғыны неден бастарын білмеген ол, ағайын-туғанның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдық демеуі арқасында тізгін-шылбырды жетегіне алғаннан кейін, ар жағын тез-ақ меңгеріп кетеді. Енді бөлініп жарылмай, тек білек күшін біріктіріп, бір жұдырықтай жұмылып, тізе қосқан дұрыс деп білген Әйтей батыр, енді ұрысты қалмақпен қалай жүргізу керек екендігін ақылдасу мәселесімен өзінен алты жас үлкендігі бар және қолбасшылық тәжірибесі мол, Іленің арғы бетіндегі атағы әйгілі қолбасшы Шапырашты Наурызбайға жиналған қолының саны, ат-сайманы, құрал-жабдығы белгілі болған соң, Үшқоңыр биігіне бөрілі байрағын тігіп, жасағын сапқа тұрғызып, ұрысты түнде бастамақ болған жоспарын өзінің арнайы хабаршысы арқылы жіберген. Ондағы мақсаты—қазіргі Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылының жеріне қалмақтың ханы мен, оның қолбасшысы, әрі түменбасы Қаскелең басып алған ауылды, мекендерді босату еді. Оны естіген Наурызбай Іле өзенінің оң қанатындағы Тайқабай өткелінен өтіп, жаудың терістік жағынан Қараойдағы Жаманбұлақтың өңтүстік етегіне келіп, ат басын тіреді де, төстегі Әйтейге өзінің келгендігі жөнінде және ұрысты қалай жүргізу туралы қысқа-қысқа нұсқау айтып, хабаршы жібереді. Нұсқауды алған Әйтей батыр түнгі соғысты ашу үшін Үшқоңырдан әпсәтте жоқ болады. Тау бетіндегі қалмақтар олардың қайда кеткенін білмей қалады. Бұл кезде Наурызбай қолбасшының бұйрығымен Әйтей өз қолын екіге бөледі де, бір бөлігін Қарғалы тау сағасындағы қыстақтың басына қарай, екінші бөлігін Қасымбек өзені арқылы Қаскелең мен Шамалғанға жібереді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз