Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Абылай ханның Майдақоңыры» — Уәлиұлы Абылай Хан

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда үш алуан—кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап жорғалайды екен. Содан оның жорғасын «майдақоңыр» атап кетеді. Осы жүрісін домбыраға салады. Бірақ «тіл болады» деп ешкімге көрсетпей айдалаға барып тартады. Сонда қой жайып жүрген қойшы ғана көріп, күйді қолындағы таяғына түсіріп алады да, ауылға келгенде:

—Абылай хан жорғасының жүрісін былай салды,—деп таяғымен тартып көрсетіпті. Күй содан елге тарапты.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз