Алтын сақа

«Оқушылар сарайы» КМҚК

 

ҚББҰ  Шарбекова А.Б.

 

 

2018-2019 оқу жылы

Балқаш қаласы

 

 

Алтын сақа

(интеллектуалды  ойын – сайыс)

 

Сабақтың мақсаты:

Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын,  салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе бөлім

— Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

— Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл ойын – сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек — жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік

Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.

 

  1. ________________________________________________
  2. ________________________________________________
  3. ________________________________________________

Алтын сақа интеллектуалды ойын – сайыс 7 кезеңнен тұрады.

І кезең        «Танысу» (әр топ өз тобын, топ жетекшісімен таныстыру)

ІІ кезең      «Сөз тапқанға қолқа жоқ»  (Мақал – мәтел жалғасын тап!)

ІІІ кезең    «Ойлы болсаң озып көр»  (пазл құрау)

ІҮ кезең    «Ізденген жетер мұратқа»  (сұрақ – жауап)

Ү кезең      «Кім шапшаң» (жаңылтпаштар айту)

ҮІ кезең    «Салт дәстүр білемісің?» (суретті жұмбақ)

ҮІІ кезең   «Тіл өнері» (тақпақтар айту)

 

 

І «Танысу»

Әр топ  атаулырын және ұрандары сонымен қатар топ жетекшісі болуы шарт. Топ мүшелері бір — біріне сәттілік тілеп тілектер айтады.

 

І топ          №2 мектеп – лицей                         ________________

 

ІІ топ         №5 ЖББМ____________________________________

 

 

 

 

ІІ кезең      «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

 (кестеде берілген сөздерге мақал – мәтел құра!)

І топ

 

Әже  

 

Қыз

 

жауабы: анаға қарап қыз өсер,

атаға қарап ұл өсер

Ана
Жеңге
Сіңлі

 

 

 

 

 

Тіс  

 

Тас

 

жауабы: тіл тас жарады,

тас жармаса бас жарады.

Құлақ
Қол
Тіл

 

ІІ топ

Арық  

 

Қой

 

 

 

 

жауабы:   семіздікті қой көтереді

Семіз
Толық
Жуан

 

 

 

 

 

 

Жын  

 

Алтын

 

жауабы: алтын көрсе періште жолдан таяды

 

Шайтан
Періште
Құбыжық

 

 

 

 

ІІІ кезең   «Ойлы болсаң озып көр»  (пазл құрау)

Берілген пазлдарды уақытқа құра.

 

ІҮ кезең    «Ізденген жетер мұратқа»  (сұрақ – жауап)

 

І топ

  1. Абылай ханның азан шақырып қойған аты? (Әбілмәнсұр, Сабалақ)
  2. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
  3. Математикалық есеп. 1 шиді қозғалту арқылы есептің теңдігін шығар.

Берілген есеп                                 Есептің жауабы

 

 

  1. Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп? (Ф)
  2. 12 қабатты үйде лифт бар. Үйдің 1 қабатында 2 адам, 2 қабатта 4 адам тұрады. Жоғарылаған сайын адам саны осылай екі есе арта береді. Сұрақ қай қабаттағы лифттің шақырғыш түймешесі ең көп басылады?

Жауабы

Бірінші қабаттың түймешесі көп басылады. Өйткені барлық тұрғындар үйіне көтерілу үшін бірінші қабаттағы түймені басады.

 

ІІ топ

  1. «Абай жолы» роман – эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
  2. Айтылуы макқсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке: хабарлы, сұраулы, лепті)
  3. Математикалық есеп. 1 шиді қозғалту арқылы есептің теңдігін шығар.

Берілген есеп                                 Есептің жауабы

 

 

 

  1. Екі тіреу, басы біреу? (П)
  2. Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
    Али 21
    Ғани 22
    Мақсат 24
    Саламат ?

Жауабы

34 . Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты дыбыстардың, ал екінші сан дауыссыз дыбыстардың санын көрсетеді.

 

Ү кезең      «Кім шапшаң» (жаңылтпаштар айту)

 

І топ

  1. Шынтемір
    Шықпен шыланған шөпке
    Шыңдалған шалғысын
    шық еткізді.
  2. Ықылас пен Ыбырай
    Ыдыстарын тасымай,
    Ырыскүлден үлгі алмай,
    Ынтасыз жүр тілді алмай.
  3. Доп,доп, доп екен,

Доп қуғандар көп екен.

Допты тепті Төлеген,

Төлеген тым тебеген.

 

 

 

ІІ топ

  1. Съезд, разъезд, подъезд.
    Подъезд, съезд, разъезд.
    Жаттап ал тез.
  2. Үш кіші ішік піштім,
    Бес кіші ішік піштім,
    Неше кіші ішік піштім?
  3. Зерек зергер зерделеп,

Зергерлеуші зер зерлеп.

Зерлілер затын зерлеткен

Зергерлік те зерделік.

 

ҮІ кезең    «Салт дәстүр білемісің?» (суретті жұмбақ)

 

І топ

  1. Шілдеханашілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сүйінші– қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.
  2. Мүшел жас дегеніміз не?

Бүгінгі айтқалы отырғанымыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел — 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
Мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12 — ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе — мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.
37 жас — адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап — күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.
61 жас — адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман — жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім — ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.

 

 

 

ІІ топ

  1. Тұсаукесер– сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашушашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді.

Балаларға өлеңжыртақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.

  1. Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
  2. Тоқым қағар– қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.

 

ҮІІ кезең   «Тіл өнері» (тақпақтар айту)

Берілген тапқпататарды жалғасын тауып, авторын айтып тақпақты жатқа айту керек.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.           Абай Құнанбаев

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.             Ыбырай Алтынсарин

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.              Абай Құнанбаев

 

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,

Көбелек пен құстар сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.                Мағжан Жұмабаев

 

Қорытынды: Бүгінгі «Алтын сақа» сайысымыз осымен өз мәресіне жетті.

І орын        № 5 ЖББМ         «Бейбітшілік» тобы

ІІ орын       Оқушылар сарайы «Жұлдыз» тобы

Мадақтамалармен марапатталды .

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *