«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қызметі бойынша түзету –дамыту жұмыстары»

Тіл — адамдар арасындағы қарым -қатынастың негізгі құралы Адамның толыққанды өмір сүруі мен қоғамда табысты болуы оның сөйлеуіне  және қарым -қатынас жасау қабілетіне байланысты.

№1 «Айгөлек» мектепке дейінгі білім беру ұйымының ерекшелігі — бұл бүкіл оқу процесінде балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді   түзету болып табылады. № 499 ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген  Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың Үлгілік  оқу бағдарламасымен жұмыс жасаймыз

Қазіргі таңда  б/б барлығы 12 топ бар.  Оның 8-і логопедиялық топтар (3 қазақ, 5 орыс тілінде)  8 логопед жұмыс жасайды Бұл топтарда тілінің әр түрлі бұзылулары бар балалар , яғни   ЖСТД 1,2,3 деңгей, тұтықпа-96 бала тәрбиеленеді

Логопедиялық топтардағы жұмыстың  мақсаты — сөйлеу тілінің әр түрлі кемшіліктері бар балаларды уақытында анықтау және оларға көмек көрсету

Міндеттері:

-Балалардың  сөйлеу қызметтерінің   даму деңгейін  тексеру және талдау

-Логопедиялық сабақтарда сөйлеу бұзылуларының алдын алу мен жою бойынша түзету жұмыстарының мазмұнын әзірлеу және енгізу.;

-Педагогтер мен ата -аналар арасында логопедия бойынша арнайы білімді беру.

Сөйлеудің қалыптасуы жалпы дамумен, сондай-ақ  ақыл-ой  дамуымен бірге жүреді. Біздің жалпы білім беру  типіндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымының логопедтік топтары сөйлеу тілі дамымаған балаларды тәрбиелеу мен       дамытуда жетекші рөл атқарып келеді.

Біздің балабақшадағы логопедиялық жұмыс алдын-алу және және түзету бағытында жүргізіледі

-ЖСТ дамымаған балалармен  байланыстырып сөйлеу тілі мен фонематикалық есту і бойынша түзетушілік жұмыстарды жетілдіру

-Оқу қызметінде және  басқа уақыттарды   баллардың сөйлеу қызметін жүйелеу және   үздіксіз бақылау

-Оқу әдістемелік материалдарды жүйелеу.

Барлық  тәрбиелеу білім беру түзету  жұмыстарында заманауи технологиялар басшылыққа алынады.

Тіл кемістігі бар баллармен жұмыста түзету-дамытушылық технологияларды қолданады .Ондағы басты мақсат –баланың эмоционалдық, интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау,  сөйлеу бұзылыстарын дер кезінде  анықтау әдістерін енгізу, бөйлеуді дамытуда бар кемшіліктерді түзетуде көмек көрсетуге бағытталған.

Инновациялық технологиялардың логопедияға әсер етуі

-балалардың дұрыс сөйлеуге ынтасын арттыратын материалды ұсыну әдістерін кеңінен енгізу;

-сөз, сөз тіркесі, мәтін құрамын модельдеуде талдау және жинақтау қабілеттерді қалыптастыру;

-балалардың  сұрақ-жауаптарындағы сөйлеу-ойлау белсенділігін дамыту;

— фразалық және келісілген сөйлеуді дамыту үшін ӨТШТ технологиясы элементтерін белсенді қолдану

-балалардың эксперименнттік іздену әрекетінде сөйлеуді дамыту (проблемалық оқыту);

— мектепке дейінгі жастағы балалардың келісілген сөйлеуін дамыту үшін визуалды модельдеу әдісін қолдану;

— баламен бірлескен және жеке іс -әрекетте ойын мен компьютерлік технологияларды қолдану.

Мысалы : АКТ технологиясын алатын болсақ – сөзге дыбыстық талдау жасау бойынша жұмыстар, сөйлемдермен жұмыс, дыбыстың айтылуын түзету, сөздің дыбыстық құрылымымен жұмыста оң нәтижесін береді.

Баллардың тіл кемістігін түзетуде басты маман-логопедтер . Олар  баллармен, ата-аналармен, педагогтермен тығыз байланыста түзетушілік-дамытушылық(  оқу қызметтері, жаттықтырушы жаттығулар)  зеріттеушілік (анықтау, тексеру, диагностикалау), консультативтік ( әңгімелер, жиналыстар, жеке кеңестер), жұмыстарды атқарады . Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қызметі бойынша түзету –дамыту жұмыстарын жүзеге асыру бағытында ата-аналармен бірге  балабақшадағы барлық педагогтер яғни логопедтер, музыка жетекшісі , дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог  тығыз жұмыс жасайды.   Логопедтер арнайы түзету ОҚ, жеке топтық жұмыстар, үйірмелер жүргізеді. Олардың  түзетушілік жұмыстары негізіндн  балаларды айтылу жағы жақсарады, белсенді сөздік қоры байиды, сөйлеудің буындық құрылымы мен дыбыстық талдау мен синтез дағдылары қалыптасады, фонематикалық есту мен келісілген сөйлеу дамиды. Ең алдымен балалардың дұрыс дем алуына, ұсақ моторикасының дамуына баса назар аударылады. Олар  балалармен жұмыс жасауда инновациялық және дамытушы технологияларды кеңінен қолданады, Коррекциялық диагностиканың нәтижелері бойынша ол балаларға жеке дифференциалды көзқарасты жүзеге асырады, сөйлеу бұзылыстарын түзетудің әр түрлі шарттарын ұсынады, бұл жоғары оң нәтиже береді

Топтардағы тәрбиешілер түстен кейінгі уақытта   арнайы түзету сағаттарын  өткізеді, яғни таңертеңгілік логопедтің өткізген жұмыстарын бекітеді.

Ал логопед пен тәрбиешілер төмендегідей бірлескен жұмыс түрлерін атқарады

-балалармен тілдік жұмыстарды ұйымдастыру;

— ашық оқу қызметтер;

-консультациялар;

-тренингтер;

-шеберлік сыныптары;

-әдебиеттерді  таңдауға, іріктеуге көмек көрсету;

-балалардың  тілдік дамуы бойынша ақпарат беру;

Түзету  дамытушылық  жұмыстарда   музыка жетекшілердің де орыны ерекше . Олар бала тіліндегі кемшіліктерді жою мақсатында  арнайы логоырғақтарды, саусақ жаттығуларын тыныс алу жаттығуларын оқу қызметтерінде  және үйірме  сабақтарында қолданады.

Тіл кемістігі бар  балалардың қимыл белсенділігі өте төмен  болып келеді.  Дене шынықтыру нұсқаушылары қимыл қозғалыстарын жақсарту мақсатында  сөзбен сүйемелденетін ойын-жаттығуларды өз оқу қызметтерінде ойын-сауықтарда  тиімді қоланады

Сонымен  қатар бала тіліндегі кемістіктерді  түзетуде  психолог пен логопедтің бірлекен жұмыстары маңызды орын алады..Олар әр баланың  диагнозына байланысты (ЖСТД 1,2,3 деңгейі, СТТ, тұтықпа, алт.б) арнайы бірлескен жоспар бойынша жұмыс жасайды.

Балабақшадағы педагогтер  ата аналармен тығыз айланыс жасай отырып мектеп жасына дейінгі балаЛардың сөйлеу тіліндегІ түзету жұмыстарын қарқынды  дамытып келеді деп  айтуға болады. Себебі  3 жылдағы  ПМПК  тексерісбойынша балалардың логопедиялық топтардын шығару нәтижесінен көрініс табады.Мысалы:
2019 ж    -барлығы 41 бала шығарылды, оның  19-ы (46%) жақсартылған,  22-сі (54 %), таза сөзбен 20 баланың диагнозы ауыстырылды. 18 бала логопедиялық топтан шығарылды..
2020 ж. – барлығы 42 бала шығарылды, оның  23-і (55%) жақсартылған,  19-ы (45%),  таза сөзбен. 17 бала логопедиялық топтан шығарылды.

2021 ж. – барлығы 38 бала шығарылды, оның  18-і (47%) жақсартылған,  20-сы (53%),  таза сөзбен. 17 бала логопедиялық топтан шығарылды. Барлығы логопедтік топтардан шығарылды. 1 бала  түзету мектебіне, басқалары жалпы білім беретін мектептерге кетті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *