“Бұл тағдыр бізге не береді?”

Оразхан Гүлім

Тағдыр — бізге Алладан берілген нығмет деп ойлаймын. Аллаһ Тағала әр адамға әртүрлі тағдыр жазмыш қылған. Біреулер оны өзгертуге тырысып әлек, енді біреулері басына жазылғанына көнбек. Тағдырдың сыйы тосыннан демекші, алдымызды не болатынын, не күн туатынын, қандай тағдыр кешетініміз бізге беймәлім. Бізге жазылған жазмышқа көнгеннен басқа амалымыз жоқ болса, неліктен адамның өз тағдырына көңілі толмайды? Кедей-бай болсам, бай-Құдай болсам дейді.

Бұл тағдырдан не ала-аламыз?

Біз уақытымыз жетіп, шынайы өмірге аттанар сәтте тек екі нәрсені алып кете аламыз. Ол күнәміз бен сауабымыз. Тағдырда талай сәт кешкенімізбен, атымыздың өшуіне тек бір яки екі апта жеткілікті. Ал қалғанымыз құмырсқадай күйбең тіршілігімізді жалғастырамыз. Айта кеткенімдей, бұл өмір — бізге сынақ. Нағыз өмірге бару үшін азық жинауға берілген азғантай уақыт. Жинаған азығымыз келесі өмірдегі тағдырымызды шешеді. Бұл сынақтан сүрінбей өту үшін, алдымен иманымыз мықты, пейіліміз кең, көңіліміз кіршіксіз, жүрегіміз таза болуы ғанибет. Өткізіп жатқан уақытымыз мейірімдік пен шуақ-шапағатпен астасып жатуы тиіс. Бұл — тағдыр. Ода неше түрлі адам болады. Біреуі — тасбауыр, біреуі — ақкөңіл. Қанша адам болса, сонша тағдыр мен пікір, көзқарас болады. Әрқайсының ойымен санасу мүмкін емес. Алауыздықпен арпалысып жүргендер, өздері соның құрбаны болып жатады. Ата-бабамыз: “Өз күнәсі — өзіне, өзімен кетсін жаманшылық”,- деп жаманшылықтан қашқысы келді.
Өмір деген — өтпелі кезеңде, басына ауыр тағдыр жазылғандар бар. “Басымызға түскені сол болар, оғанда көндік” дейтін жандар жазмыштың дегені болсын дейді. Ақиық ақын Мұқағали атамыз: Қайтер едік өмірге келмегенде, Көнеміз ғой қайтеміз көнбегенде деп өлең жолдарын арнаған болатын. Тағдыр тәлкегіне түскендер, өмірден баз кешіп жатады. Сүрер өмірімді сүрдім, енді тек өлімді күту ғана қалды дейтіндер де аз емес.

Біз өлу үшін өмір сүреміз бе?

Түбінде қара жер жамыламыз ғой,-деп көп нәрседен бас тартамыз. Тағдыр сынақ болса да, жалған болса да, лайықты түрде өмір сүруіміз керек. Өлім- хақ нәрсе. Өлгенге дейін иманымызды шетке ысырмай, мақтан тұтарлықтай тұлға болуымыз керек. Ажалымыз аяқ астынан келсе, арғы дүниеге дайын болуымыз, ешкімнің алла жібін аттамай, тағдырына қол сұқпай, шайтанның азғыруынан сақтануымыз керек. Алланың бізге берген сыйлығы — отбасымыз. Солармен бірге бақытты, мәнді сәттерді бастан кешіру. Кейбір адамға ондай сый берілмейді, сондықтан қолымызда барды бағалап, уақытты тиімді пайдалануымыз керек. Кей адамдарға керемет тағдыр бұйырады: адал жар, саналы ұрпақ, үй-жайы, ішерге асы, иманы, білімі тағы басқасы. “Бұл өмір әділетсіз, неге маған сондай тағдыр бұйырмады”,-дейтіндерге айтарым: Мүмуін сізге Алла одан да жақсысын дайындап қойған болар. Бұл өмірдегі басты миссиямыз-дүние мүлік жинау емес, амал дәптерді оңынан толтыру. Әлсіздердің тағдырымен ойнау, ширк жасау, дуа мен сиқыр, көріпкелдікпен айналысу өте үлкен күнә. Жолдың болмауы мен сәтсіздікке ұшырау да содан болып жатады.

Қорытындылай келе, тағдыр — жазмыш деп отырмауымыз керек. Бңз өз тағдырымызды жақсы жаққа өзгерте аламыз. Мейлі, бңзге ең жақсы қмір бұйырмаса да, оны жақсы жағынан қабылдай білуіміздің өзі- бңзге бақыт сыйлайды. Әрқашан позитивті, көркем мінезді болсақ, өмір сынағынан сүрінбей өтеміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *