Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жұмабек Ахметұлы Ташенов-халықтың қайсар перзенті

Серікпай Назым
2 мин оқу 62 оқылым

Жұмабек Ахметұлы Ташенов-халықтың біртуар перзенті. Оның ерлігін қазір тарихқа жақын адамдар насихаттап, қалың көпшіліктің естуіне себепкер болып жүр. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген Жұмабек Ахметұлының ерліктерінен 108 жылда қазақ халқынан бөлек, түркі тілдес халықтар да хабардар. Оның осынша танымал болуын тек бір себеппен түсіндіре алмаймыз. Нақтырақ айтқанда:                                                                  -Қазақстанның  5 облысын өзге елге көшіруден сақтап қалды.                                                 –Алматының қақ ортасында «қазақ ауылын құрды» деп айыпталса да, жұмысынан айырылған достарына көмектесуден, үйсіз қалған халқына пәтер беруден, азық-түлікпен қамтасыз етуден тайынбады.                                                                                                                                            –Никита Хрущев оны жұмыстан шығарса да, Жұмабек Ахметұлы «қазағыма қауіп төніп тұр» деген күдік туындаса, қол қусырып отырмады, әрекет етті.                                                        –Сол уақыттағы саяси тұрақсыздық жағдайларында Қазақстан жерінде ядролық қаруды сынаудан өткізу жайлы тың деректер пайда болғанда, басшылыққа қарсы шықты.                   –Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Бостандық аудандарының мақта егетін жерлерін Өзбекстанға беруге қарсы пікір білдіріп, сақтап қалды.                                                                    –Қазақ тіліндегі газет-журнал басылымдарының жабылмауына, өзге тілдің аудармасы ретінде шығарылуына жол бермеді.                                                                                                                   Сондағы оның басшылыққа қарсы шыққандағы әр сөзі: «Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы»-дегеннің төңірегінде болды. Кейіннен: «Мен ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында»-деді. Әр адамның армандары қаншалықты әртүрлі болатыны қызық, иә? Біреуі қымбат көлік, пәтер, жоғары шенді армандаса, енді біреуі еміне дауа табылғанын, отбасының амандығын, халқының тұтастығын, жерінің бүтіндігін армандайды. Әркім өз арманы орындалуы үшін мақсатқа айналдырып, қолынан келер бар шараны жасауы қажет. Жұмабек Ташеновтың лауазымы-жоғарыда атаған барлық ерлікті жасауға көмек берді. Оның жоғары шені оған «тыныш отыруға болатын жылы орын»  болған жоқ, ұлттың жоғалмауына септігін тигізетін «мүмкіндіктер лауазымы» болды. Жұмабек Ташеновтың жағдайында бұл-игі мүмкіндік болды.                                                                                           Бастысы-ол көпшіліктің елестететін стереотипін жойғандардың бірі мен бірегейі атанды. Ол-батыр болу үшін қылышты қолға алып, ұрысқа аттану маңызды еместігін дәлелдеді. Тапаншадан оқ ұшырып, жауды жеңіп батыр болуға да болады, оны қолда ұстамай-ақ та ерлік жасағандардың қатарынан табылуға болады. Сондықтан,қазіргі жастарға айтарым:  Патриотизмді идеалды терминге теңеуді қойыңыздар. Патриотизм-бұл тек елдің басына іс түскенде тиісті киім киіп, қолға қару алу емес. Патриотизм-бұл ең алдымен еліңе деген сүйіспеншілік. Тіліңе, дініңе, ұлттық құндылықтарыңа деген құрмет. Ұлттық кодтың жоғалмауына алаңдап, ол үшін бір пайдаңды тигізе алып та патриот бола аласын. Бұл жақта ең бастысы-міндетсінбеу. Әр жасап жатқан игі ісіңді өзгелер үшін емес, ең алдымен өзің үшін жасаудасын.                                                                                                                      Қорытындылай келе, айтарым: Ерлігі арқылы бар қазақ жеріне таңылған Жұмабек Ахметұлы Ташенов-жастар мен аға буын өкілдерінің тамсанып қарап, зерттелуге тұрарлық тұлғалардың бірегейі. Қазірде оның аты көше атаулары, мектептерге берілуде. Менің мақтанатыным-оның туған жерінде дүниеге келгенім, оның аты берілген мектепте оқып, тәмамдап жатқаным, ауданда оның аты берілген көшеде аяқ басып жүре алатыным, бастысы-Жұмабек Ахметұлының кім екенін терең зерттей алғаным, себебі «Өз ұлтының ұлыларын ұлықтамау, ол – сатқындықтың сатқындығы».

Серікпай Назым

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Серікпай Назым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр ма?

Мәтінде қазақ тілінің қоғамдағы беделі, отандық қазақтілді өнімдердің аздығы және тілдің болашағына қатысты азаматтық көзқарас сөз болады.

Серікпай Назым 2 мин 24 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым