Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр ма?

Серікпай Назым
2 мин оқу 24 оқылым

Қазіргі таңда қазақ тілінің қоғамдағы беделі артып келуде. Оған себеп-мәселелердің ашық түрде  қоғам арасында талқыға салынуы. Тіліміздің осы күйінде сақталуына ат салысып, өзгеріске ұшырауына бей-жай қарамайтын саналы азаматтар мен азаматшалардың барына шың жүректен қуаныштымын. Алайда, осы мәселенің талқылануынан бастап ат тоңын ала қашқан адамдар жоқ емес, баршылық. Араларында жоғары шендегілер, мансап қуған бизнесмендер, тіпті жергілікті халық та бар.  «Сонда олардың осыншалықты мемлекеттік тілге деген құрметі жоқ па?»-деген сауал еріксіз ойға келеді. Менің осы мәселеге қатысты айтарым бар.

Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейін тілімізге, дінімізге және ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауы үшін қылыш алып ұрысқа аттанған, КСРО кезінде жоғары лауазымды адамдарға арнап хат жазып, алдарына барып өз ойың ашық айтқан, алаңға шыққан, осы мәселелерге байланысты еңбектер жазған тұлғалар көп болды. Олар қан сырап жатқанда «бекер күрестім» деп айтқан жоқ. Себебі қазіргі егеменді, бейбіт заманның боларына кәміл сенді. Алайда, сол жерді, тілді қадір тұтқандар қайда?

Сұрақ көп, жауап жоқ болғаны өте өкінішті. Ендігі мәселе, қазақ тілді өнімнің аздығы. Қазіргі кезде отандық  «актуалды» жобалар-қаралымы көп өнімдер болып саналады және олардың басым көпшілігі орыс тілінде. Үш тілділікті қолдаймын, бірақ отандық жобалар алдымен орыс тілінде көтеріліп, одан кейін қазақ тіліне ауысқаны өте өкінішті. Негізі, керісінше болғаны әлдеқайда дұрыс әрі жағымды болар еді. Яғни, бұл- қазақ тілінің қоғамдағы рөлінің төмендігін дәлелдейді, мейлі оның беделі артып келе жатса да, жеткілікті дәрежеде емес. Еліміздің 70%-ы қазақтар екенін ескерсек, отандық қазақ тілді жобалардың рейтингі де, саны да біршама болуы керек емес пе?

Болашақта қазақ тілді өнімдер көбейетініне және сол өнімді тұтынуға даяр болар адамдардың сұранысы көп болатынына сенгім-ақ келеді. Сол кезде болашағы туралы, даму жайлы айтуға болады. Дегенмен, қазіргі таңда ол өнім жоқтың қасы, сондықтан ол өнімнің болашағы бар не жоқ екенін болжап айтудың өзі қиын. Қолымыздан келетіні-сену, әрекет ету, болашағы жоқ екенін жоққа шығаруға тырысу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Серікпай Назым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Жұмабек Ахметұлы Ташенов-халықтың қайсар перзенті

Мәтінде Жұмабек Тәшеновтің ел мен жер тұтастығын, қазақ тіліндегі басылымдарды қорғаудағы ұстанымы және жастарға арналған патриотизм туралы ойы баяндалады.

Серікпай Назым 2 мин 62 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым