Мазмұнға өту

Жеткіншектер не себепті шет елдік туындыларды көргенге құмартады?

Жібек Омарқызы 2 мин оқу 26 оқылым

Мультфильм деген сәтте менің ойыма бірден Disney,Nickelodeon,Сartoоn Network секілді шетелдік арналар келді. Осы орайда,өзіміздің,Отандық «Балапан» телеарнасы болса да, еліміздегі 10 жасқа толмаған,тіпті 5 жасқа дейінгі балалардың өздері «не себепті шетелдік арналарды көргенді құмартады?» деген сұрақ туындады. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында салыстырмалы түрде бірнеше мультфильмдері тамашалап шықтым.

Алдымен, өзіммен қатарлас, бала шақтан-болашаққа қадам басқан құрбы-құрдастарымнан «Қандай мультфильм көруге кеңес берер едің?»,- деп сұрадым. Көпшілігінің пікірі-жапондық 700 бөлімнен тұратын  «Наруто» аниме-сериалы болды. Көруді бастадым. Шынында да, режиссерлердің барынша әсерлі ету мақсатында әр-түрлі  көркемдеуіш құралдарды қолданғаны көрініп-ақ тұр. Бірімін-бірі атысып-шабысып жатқандар. Аяғына дейін көруге тіпті шыдамым да жетпеді. Одан кейін, балалардың сүйікті туындысына айналған, өзім де кішкентай кезімде аса қызыушылықпен қараған «Спанч бобты» қайта көрдім. Шынымды айтсам,қарай отырып, бұрында мен бұл туындыны қалай қызыға қарағанмын деп күлкім келді. Іс-әрекеттер ақылға қонымсыз. Оқиға желісі де атап айтарлықтай қызық емес,жөн-жосықсыз күлкі,мағынасыз әңгімелер. Кейіпкерлердің түрлері тіптен басыңды айналдырып жібереді.  Жаңа жыл кештерінде де, тіпті көшеде,үйде жүргенде де «Өрмекші адам», «Супермен» болып тыным таппай жүрген балаларды әлі күнге дейін кездестіреміз. Аталған туындыларды да қарадым, не адам,не құбыжық екенін түсініп болмайсың. Әйтеуір тыным таппай өрмелеп,жүгіріп,бір-бірімен алысып жатқан кейіпкерлер.

Ендігі зейінімді Отандық туындыларға аудардым. «Қазақфильм» АҚ мен  «Сақ-жебе» киностудиясы ұсынған, барлығымызға таныс, тіпті өзім бұрында сөздеріне дейін жаттаған «Қошқар мен теке» мультфильмін қайта тамашаладым. Оқиға желісі түсінікті. Қазақы болмысқа жақын, көрер көрерменге,балаларға берер тәрбиелік мәні де баршылық. Кейіпкерлер әр жолда кездескен қиындықтарға бірге төтеп беріп,көрерменге де күлкі сыйлай білді. Оқиға өз иелерін іздеп шыққан қошқар мен текенің атаны құтқарып,қораларына аман есен оралуымен, текенің: «бақыт деген өз Отанымызда,өз үйімізде екен ғой. Тек оны бағалай білу қажет. Ал біз оны алыстан іздеп қателесіппіз. Мен соны енді түсіндім!»,-деген көркем сөзімен аяқталған. Осындай ерекше туындыларды өмірге әкелген жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді!

Бұндай салыстырудан кейін, өз сұрағыма толық қанды жауап бердім. Шет елдік туындылар логикаға қонымсыз,біздің еліміздегілер үшін мүлдем көрмеген,түсініксіз кейіпкерлерімен балалардың ой-саналарын улауда. Олар қызық үшін келесі бөлімді күтіп, қандай жаңа кейіпкер болар екен деп жүріп өздері қалай сол туындының ішіне кіріп кеткенін,оған тәуелді болып қалғандарын аңғармай қалады. Балаларға да,көрерменге де мынаны көр,мынаны көрме деп айта алмайсың. Алайда, әр бала үшін көрген жаңа нәрсесі, оның қызығушылығын тудырады,бәрі қызық болады. Барлығын істеп көргісі келеді, бірақ, оның барлығы пайдалы емес екені қынжылтады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді емес пе?! Сондықтан, бүлдіршіндерімізге барынша ұлттық рухты,намысты дарытатын мультфильмдерді көгілдір экранда көбірек көрсетіп, кеш болмай тұрғанда олардың ой саналарын дұрыстауды қолға алу керек деп ойлаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жібек Омарқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Жеткіншектер не себепті шет елдік туындыларды көргенге құмар?

Мультфильм деген сәтте менің ойыма бірден Disney,Nickelodeon,Сartoоn Network секілді шетелдік арналар келді. Осы орайда,өзіміздің,Отандық «Балапан» телеарнасы болса да, еліміздегі 10 жасқа толмаған,тіпті 5 жасқа…

Жібек Омарқызы 38 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

2020 (4 сәуірде жазылған)

Жаңа жылда жаңалықтар көп болар, Бірі жақсы,бірі жаман боп тұрар. Биылғы жыл еріктілер жылы боп, Бекітілді, енді үміттер ақталар. Деп сенеміз,өткені тек үш-ақ ай, Бола тұра өтті жағдай бірталай. Еске алғың келмесе де…

Жібек Омарқызы 240 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин