Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жеткіншектер не себепті шет елдік туындыларды көргенге құмар?

Жібек Омарқызы
2 мин оқу 39 оқылым

Мультфильм деген сәтте менің ойыма бірден Disney,Nickelodeon,Сartoоn Network секілді шетелдік арналар келді. Осы орайда,өзіміздің,Отандық «Балапан» телеарнасы болса да, еліміздегі 10 жасқа толмаған,тіпті 5 жасқа дейінгі балалардың өздері «не себепті шетелдік арналарды көргенді құмартады?» деген сұрақ туындады. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында салыстырмалы түрде бірнеше мультфильмдері тамашалап шықтым.

Алдымен, өзіммен қатарлас, бала шақтан-болашаққа қадам басқан құрбы-құрдастарымнан «Қандай мультфильм көруге кеңес берер едің?»,- деп сұрадым. Көпшілігінің пікірі-жапондық 700 бөлімнен тұратын  «Наруто» аниме-сериалы болды. Көруді бастадым. Шынында да, режиссерлердің барынша әсерлі ету мақсатында әр-түрлі  көркемдеуіш құралдарды қолданғаны көрініп-ақ тұр. Бірімін-бірі атысып-шабысып жатқандар. Аяғына дейін көруге тіпті шыдамым да жетпеді. Одан кейін, балалардың сүйікті туындысына айналған, өзім де кішкентай кезімде аса қызыушылықпен қараған «Спанч бобты» қайта көрдім. Шынымды айтсам,қарай отырып, бұрында мен бұл туындыны қалай қызыға қарағанмын деп күлкім келді. Іс-әрекеттер ақылға қонымсыз. Оқиға желісі де атап айтарлықтай қызық емес,жөн-жосықсыз күлкі,мағынасыз әңгімелер. Кейіпкерлердің түрлері тіптен басыңды айналдырып жібереді.  Жаңа жыл кештерінде де, тіпті көшеде,үйде жүргенде де «Өрмекші адам», «Супермен» болып тыным таппай жүрген балаларды әлі күнге дейін кездестіреміз. Аталған туындыларды да қарадым, не адам,не құбыжық екенін түсініп болмайсың. Әйтеуір тыным таппай өрмелеп,жүгіріп,бір-бірімен алысып жатқан кейіпкерлер.

Ендігі зейінімді Отандық туындыларға аудардым. «Қазақфильм» АҚ мен  «Сақ-жебе» киностудиясы ұсынған, барлығымызға таныс, тіпті өзім бұрында сөздеріне дейін жаттаған «Қошқар мен теке» мультфильмін қайта тамашаладым. Оқиға желісі түсінікті. Қазақы болмысқа жақын, көрер көрерменге,балаларға берер тәрбиелік мәні де баршылық. Кейіпкерлер әр жолда кездескен қиындықтарға бірге төтеп беріп,көрерменге де күлкі сыйлай білді. Оқиға өз иелерін іздеп шыққан қошқар мен текенің атаны құтқарып,қораларына аман есен оралуымен, текенің: «бақыт деген өз Отанымызда,өз үйімізде екен ғой. Тек оны бағалай білу қажет. Ал біз оны алыстан іздеп қателесіппіз. Мен соны енді түсіндім!»,-деген көркем сөзімен аяқталған. Осындай ерекше туындыларды өмірге әкелген жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді!

Бұндай салыстырудан кейін, өз сұрағыма толық қанды жауап бердім. Шет елдік туындылар логикаға қонымсыз,біздің еліміздегілер үшін мүлдем көрмеген,түсініксіз кейіпкерлерімен балалардың ой-саналарын улауда. Олар қызық үшін келесі бөлімді күтіп, қандай жаңа кейіпкер болар екен деп жүріп өздері қалай сол туындының ішіне кіріп кеткенін,оған тәуелді болып қалғандарын аңғармай қалады. Балаларға да,көрерменге де мынаны көр,мынаны көрме деп айта алмайсың. Алайда, әр бала үшін көрген жаңа нәрсесі, оның қызығушылығын тудырады,бәрі қызық болады. Барлығын істеп көргісі келеді, бірақ, оның барлығы пайдалы емес екені қынжылтады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді емес пе?! Сондықтан, бүлдіршіндерімізге барынша ұлттық рухты,намысты дарытатын мультфильмдерді көгілдір экранда көбірек көрсетіп, кеш болмай тұрғанда олардың ой саналарын дұрыстауды қолға алу керек деп ойлаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жібек Омарқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

2020 (4 сәуірде жазылған)

Өлеңде 2020 жылдың алғашқы айларындағы қайғылы оқиғалар мен табиғи апаттар баяндалып, қиындыққа қарамастан үмітті жоғалтпауға үндейді.

Жібек Омарқызы 1 мин 240 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 77 оқылым