Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

РАХИМЖАНОВА НАЗЫМ
3 мин оқу 166 оқылым

«Мектеп жанында шағын орталығы бар орталығы бар

Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Рахимжанова Назым Карлыгашовна

Мақсатым: Оқушылардың шығармашылық ізденістерін өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттерім: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге дағдыландыру;

Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін,ойлау қабілетін дамыту;

Күтілетін нәтиже:Қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті,ұлттық тәлім тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптасады.Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және тыңдаушылар!Мен Рахимжанова Назым Карлыгашовна «Мектеп жанында шағын оралығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектептің» бастауыш сынып мұғалімі.Сіздердің назарларыңызға оқушылардың шығармашылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдер тақырыбында өз идеяммен бөліскім келіп отыр. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалса, сол құзыреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Ахмет Байтұрсыновтың осы сөзін басшылыққа ала отырып,оқушының шығармашылығын арттыруда алдыма мынандай мақсат қойдым.Оқушылардың шығармашылық ізденістерін өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ең бірінші, шығармашылық ұғымына тоқтала кетсем,шығармашылық  дегеннің өзі, бұл-адамның өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, жаңа нәрсе табуға бағытталған деңгейі. Ал шығармашылық іс-әрекет- зейінің есте сақтауын, интеллектісін,ойлауын дамытуға арналған іс-әрекеттер.

Осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруда мен тәжірибемде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдандым. Соның ішінде «Сұхбат» әдісіне тоқталғым келіп отыр. Бұл әдіс-тәсілдің ерекшелігі оқушының сөздік қорын молайтуға, өз бетінше ізденуге ,дұрыс сұрақ қоя білуге, сұраққа нақты әрі толық жауап алуға, өздерін еркін ұстауға дағдыландыру болып табылады. Осы сөзімнің  дәлелі ретінде жаратылстану пәнінен «Қалай дұрыс тамақтану керек?»тақырыбында өткізген сабағында мектеп медбикесі мектеп оқушы арасында сұхбат жүргізілді. Сұхбат  барысында оқушы өзі дайындап келген сұрақтарын қоя отырып, жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті мағлұматтар алды.

1 Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

2 Пайдалы және зиянды тағамдар дегеніміз не?

3 Неге тағамдар пайдалы және зиянды болып бөлінеді?

4 Қай уақытта тамақтану керек? деген сұрақтар қою жаңа сабақтың тақырыбын ашуға арқа болды. Бұл әдіс- тәсіл арқылы оқушының ізденушілік,шығармашылық, қызығушылық қасиеттері  дамуына  ықпал етілді.Осы әдіс-тәсілді қолдану арқылы оқушының бойында өздеріне деген сенімділік, жауапкершілік, сөйлей дағдыларын жетілдіруде маңызы зор екенін байқадым. Бұл әдіс-тәсілдерді тек бір сабағымды емес басқа да сабақтарда өмірмен байланыстырып отырамын.Мысалы: әдебиеттік оқу сабағын алатын болсам Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» мәтіні бойынша мектеп кітапханашысымен сұхбат, «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы бойынша ауылымыздың тұрғыны желтоқсан оқиғасының куәгері Г. Сазанбаева апамызбен сұхбат , Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен сұхбат, Социалистік Еңбек Ері Злиха Тамшыбаева апамыздың отбасымен сұхбаттасты.

Осы идеямды қорыта келе, өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен дүние - танымын қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулу тиіс. Ол үшін мұғалім кунделікті сабаққа  жете ізденіп ,жаңа  технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз мақсатына жеткен, шығармашылыққа бағдарланған, оқушының дүниетанымын байытатын бірден бір сабақ болары хақ.

Шығармашылық - өздігінен еңбектену, іздену жолы. Әр тақырып жүргізілген жұмыс нәтижесі оқушылардың тиянақты ойлауға, сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді деп сөзімді қорытындылаймын.

Авторы
Рахимжанова Назым Карлыгашовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

РАХИМЖАНОВА НАЗЫМ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 45 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 519 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 70 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 278 оқылым