Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Жаңбыр» Қ.Ыдырысов

Автор

Булекбаева Аймкул Мухияшовна
2 мин оқу 2 805 оқылым

Булекбаева Аймкул Мухияшовна

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Жаңбыр»  Қ.Ыдырысов

Мақсаты: Жаңбырдың тіршілік үшін маңыздылығын түсінеді.

Өлеңді  мәнерлеп оқып, мазмұнын жүйелі  түрде  өз  сөздерімен

айта алады.

Жаңбыр түрлерін бір- бірінен ажыратып, сөздік қорлары

көбейеді.

Өз  туған  жерін  сүйіп, табиғатын  аялай  біледі.

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі:   "Бірге ойлаймыз" әдісі, «Ортада қаламсап» әдісі, «Еркін

жазу» стратегиясы

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті  тақта.

Жүру  барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Психологиялық  дайындық.Шаттық шеңберіне шығу

Топқа бөлу

1-топ «Ақ жаңбыр»

2-топ «Өткінші жаңбыр»

3-топ «Соқыр жаңбыр»

4-топ «Будақ жаңбыр»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңбыр  өлеңін жаттау.

"Бірге ойлаймыз" әдісі

Өлеңді бөліктерге бөліп, өлеңді ретімен құрастыру. Құрастырып болған өлеңдерін оқу.

ІІІ.Қызығушылықты ояту

Өлең жолдарын аудио дыбысы арқылы тыңдатып, тақырып қойғызу

ІV. Мағынаны тану

Ендеше,балалар, бүгінгі сабағымыз жаңбыр туралы болмақ.

-Жаңбыр дегеніміз не? (видео көрсету)

-Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналадыда, су тамшылары бір –бірімен бірігіп ауырлайды да,жерге жаңбыр болып  жауады.

Бүгін, біз Қабдыкәрім Ыдырысов    «Жаңбыр» өлеңімен танысамыз.

Қ. Ыдырысов 1928 жылы Повлодар обл. Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ол ақын, аудармашы. Тұңғыш өлеңі 1947 жылы шыққан. 30-дан астам үлкенді- кішілі кітабы жарық көрген.Шығармалары: Өмір гүлі, Әрқашан күн сөнбесін, Шуақты күндер, Әке жолы.

Оқулықпен  жұмыс

1 Тізбектей  оқу

2 Іштей оқу

Әр топтан бір оқушыдан шығып мәнерлеп оқу

Топпен  жұмыс

«Ортада  қаламсап » әдісі арқылы әр топ  жауап  беруге мүмкіндік алады.

1-топ: Жаңбырдан соң табиғатта болатын құбылыстарды суреттеу.

2-топ: «Еркін  жазу  стратегиясы»  Жаңбырдың пайдасы

3-топ: Жаңбыр түрлері

4-топ Жаңбыр өлеңін қара сөзбен жеткізу

Сергіту сәті «Жау, жаңбыр» әні

ҮІ. Білгенге маржан

-Көктемде жер көгермей жатып, найзағайдың жарқылын көрмей дауысын  естісеңіз, жаз құрғақ болады.

-Қарлығаштар жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады.

-Наурызда жаңбыр болмаса, сәуірде жер көгермейді.

-Қой жүні дымқыл болса, жаңбыр жауады.

ҮІ. Ой қозғау

Проблемалық сұрақ

Жаңбырдың пайдасымен бірге қандай зияны бар?(видео ролик көру)

ҮІІІ. Қорыту

  1. Өлеңнің бірінші  шумағында  ақын  нөсер  алдындағы  аспанды  қандай

адамға  ұқсатады.

Жаңбырдан  кейінгі  балалар  қуанышы  жөнінде  не  айтылған?

3.Жаңбыр жауардың алдында табиғатта қандай өзгерістер болды?

  1. Ақ жаңбыр қандай жаңбыр ?

5.Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын ата

ІХ.Үйге тапсырма беру

Өлеңді жаттау. Жаңбыр туралы   мақал-мәтелдер жазып келу.

Х. Бағалау.

"Басбармақ " арқылы

Басбармақты  жоғары қарай көтергені- мен сабақты жақсы түсіндім

Басбармақты көлденең- сабақты түсінгендеймін

Басбармақты төмен қарай-мен сабақты түсінбедім

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:32

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Булекбаева Аймкул Мухияшовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 36 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 277 оқылым 5 мин