Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жак Деррида философиясындағы деконструкция ұғымы

Автор

Балжан
3 мин оқу 31 оқылым

Жанатаев Данат, ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

Қасымова Балжан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясы мамандығының 1 курс магистранты

Жак Деррида (1930 — 2004) — ХХ ғасырдағы әйгілі француз философы. Ол философиядан бастап әдебиет пен киноға дейінгі бүкіл батыс мәдениетін талдаған ерекше әдістерімен танымал. Философтың еңбектері  Еуропа, Латын Америкасы және басқа құрлықтарда көбірек оқылды және батыс философиясына қатысты зерттеулерде оның идеяларына талдау жасау маңызды орында тұрады. Әсіресе онтология, гносеология (әлеуметтік гносеология), этика, эстетика, герменевтика, көркемөнер салаларындағы ықпалы біршама жоғары болды.

Деррида өзінің философиясында тілдің танымдағы рөлі туралы айтқан. Тілдің рөлі - адамның сыртқы әлемді тануының құралы деп көрсеткен. Деррида бойынша ,  тіл адам өмірінің іргелі өлшемі болып табылады.

Деррида өзінің "деконструкция" жүйесі арқылы батыс философиясына айтарлықтай үлес қосты. Деконструкция дегеніміз белгілі бір нәрсе туралы іргелі стереотипті бұзу немесе жаңа контекстке енгізу арқылы өнердің немесе философияның кез келген аспектілерін түсінуді жеңілдетуге арналған ұғым. Деконструкцияның міндеті-кез-келген берілген мәтіннің логоцентризмін анықтау. Логоцентризм  — сыни теория мен деконструкция философиясында философиялық талдаудың кез келген мәтінінің немесе пәнінің орталық элементіне сүйену үрдісін білдіреді. Яғни, Жак Деррида деконструкцияның мәнін ашып, біз иерархиямен кез келген күресу құралын аламыз деп түсіндірген

Деконструкцияның екі оңтайлы стратегиясы бар. Бірінші стратегияны Жак Деррида өзінің алғашқы еңбектерінде жиі қолданған. Деррида мәтінді Батыс метафизикасының жаңа оқылымында оқыды. Кейінірек ол екінші стратегияға - мәтінде бұзылмайтын қайшылықтарды іздеуге, априориға көшті. Априори дегеніміз– ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин.

Деррида тілдік ұғымға анализ жасаудан бастап, метафизикалық қатып қалған құрылымдардағы орталық тірек нүктелерін жоюға тырысуды деконструкциялау амалы ретінде қарастырған.  Деконструкция құрылымданудың бөлшектерінің ыдырауы ретінде мәтіннің астарын анық түсінуге көмектеседі. Яғни белгілі бір ойға себеп болатын негізгі ойлар шешіліп, оның астарындағы сыр ашыққа шығады, міне бұл деконструкция амалы болмақ. Әрине, әр кезек деконструкция жасаудан жаңа құрылым қалыптасады, әрбір оқырман әрбір шығарманы қайта оқыған сайын жаңадан оның мағынасын көріп, жаңа түсініктерді байқайды.

Деконструкция көп мағыналы, күрделі сөз. Тек бір ғана түсіндірумен деконструкцияның мағынасын түгел қамту мүмкін емес, және бұл деконструкциялау әдіснамасының негізгі рухына қайшы. Онда кез келген ұғым адамға әр рет өзінің әртүрлі қабатын ашып отыруы керек. Деконструкция әрі жасампаз герменевтика , әрі өзгешелену. Дерриданың өзгешелік бойынша деконструкциялау амалын жасампаз түсіндіру (герменевтикалау) әрекеті деп атауға да болады. Демек, деконструкцияны түсіну үшін міндетті түрде өзгешеленуді түсіну керек.

Оңтайлы стратегиялардың болуына қарамастан, деконструкциялаудың дұрыс немесе дұрыс емес тәсілдері жоқ. Әр мәтін үшін деконструкция стратегиясы жеке болады. Жак Деррида философиясында мәтіннің мәніндегі априориды табу маңызды. Осы әрекеттердің нәтижесінде сана мен тіл, сана мен болмыс арасындағы алшақтық көрінеді.

Деррида ойының нақты қай тұсында философияның мәселелері мен талаптары шешімін тапқанын нақты көрсету үшін олардың техникалық аспектілеріне ерекше көңіл бөлу керек.

Жак Дерриданың философиялық идеялары архитектура  (деконструкциялық форма), музыка, өнер салаларында көп қолданылған. Деррида көзі тірісінде деконструкцияның ұстазы ретінде «мол мұраны артыма қалдырдым» деп айтқан екен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Балжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі білім мен ғылымның нағыз бақыт екендігі

Мақалада Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі білім мен бақыт туралы ойлар сараланады. Автор білім, ақыл мен жігердің адам бақытына ықпалын түсіндіреді.

Балжан 106 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері

Мақалада құрылымдық-функционалдық және ақпараттық әдістердің ерекшелігі, ақпараттың ғылымдағы рөлі мен зерттеу үдерісіндегі мүмкіндіктері қарастырылады.

Балжан 64 оқылым 6 мин
Технология

4В Бөлімі: Үй мәдениеті

5-сыныптың технология сабағына арналған жоспар. Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерін, шаш пен тері күтімін және өзін-өзі күту тәсілдерін зерделейді.

Балжан 259 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин