Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі білім мен ғылымның нағыз бақыт екендігі

Автор

Балжан
3 мин оқу 106 оқылым

Жанатаев Данат, ф.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,

Қасымова Балжан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясы мамандығының         1-курс магистранты

Құтты білікте «Бақыттылар, беу, қанағат қылғандар!»- дейді, демек Тәңірдің сыйлаған әрбір күні біз үшін үлкен бақыт. «Өз біліміңе ешнәрсе қоспаған әрбір күнді бақытсыз деп біл» - деген тұжырымды қосқым келеді, себебі берілген күн – жаңа мүмкіндік, оны білімді жетілдіруге, тың нәрсені үйренуге арнау қажет.

«Білімді» адамға қонған бақты Ж. Баласағұн былай сипаттайды: «Біліктіге – таққанмен тең күн-жақұт» - дейді, яғни  білімді адам басына қонған бақты бағалап, оны сәуле болып, өзгелерге тарататынын, шуағын шашатынын дәлелдеп кеткен. Ал «ақымақ» адамға қонған бақты былайша суреттейді: «Ақымаққа қонған бақыт тоналар, Қалай қонса, солай ұшып, жоғалар». Бақытты бағалау үшін көкірек көзінің ояу болуы басты қағида екенін осы еңбекте көрсетеді. Тек білімді адам «бақыттың» мәнін түсінетінін айтады.

«Ақылмен ұқ, тындыр істі біліммен, Жылмен – бақыт, келсін құтың күніңмен» - деп Ж. Баласағұн біліммен біліп, ақылмен ұғып, еңбектеніп қана адам баласының нағыз бақытқа жететінін айтқан болатын.

«Ай, құштар жан, ұста өмірдің өзегін, Толып – шалқыр сонда, бақыт өзенің» - деген «Құтты біліктегі» үзіндіні алатын болсақ, адамның бақытты болуы үшін ең алдымен, өмірге құштарлығы, оның ағысына бейімделуі маңызды екенін көрсек болады. Өмірдің өзегі – білімде екенін барлық жерде дәлелдеген. Байлықты бұл дүниенің бақыты деп санаудың үлкен қателік екенін де көрсеткен: «Бақсаң дәулет көрінер де елп етер, Опасыз ол тез қартайтар, тез кетер». Яғни, автор байлық пен дәулет адам үшін бақыт бола алмайтынын, оның өзі адамды уайымға салып, жүдетіп,  тез қартайтып, соңы ауруға шалдықтыратынын көрсеткен. «Шекерімен алдап алып, у берер»,  « жарығы аз, түтіні көп қап-қара» деп байлықтың «баянсыз бақыт» екенін жеткізген. Дәулетті «үркек, ор киікке» теңеп, тұрақсыз екенін, қолдан усып, шығып кететіндігін тамаша көрсете білген.

«Тайғақ табан қонбай жатып жеріген» - деп автор «қалай білімді болам?» демес бұрын оған жетуде адамның мақсаттары айқын болуы керек дейді, себебі жігерсіз, мақсатсыз адам не қалаған нәрсесін анықтай алмайды, не жарты жолда сағы сынатынын айтады. Демек, «білімге жету - жігерлі адамның жеңісі». Яғни, адам баласы «қол мен тілін бос ойыннан сақтаса»,  «тектен-текке несібесін шашпаса»  білімге жетеді дейді. «Қонған құттың біл қасиет-қадірін, Қадірді ұққан көрмес тірлік жәбірін» - деп автор айтқандай, бақыттың тұрақты болуын сақтау - адамның біліміне, түсінігіне байланысты. Адамға ақыл мен білім келсе, оны дарытқан Аллаға шүкір айтуды да кітапта еске салады: «Құт дарыттың, бар тілекті орындадың, Бердің бәрін ризамын тағдырға». Бақыттың қақпасын ашып, құтқа бөлену үшін адамға көп еңбектену қажет. Білімді адамның жанында жүрсе адамның да бағы артатынын былай көрсеткен: «Білімдіден біліп алғын ісіңді» , «Адам егер бастаса ісін біліммен, Мақсатына жетер тілеп-жүгінген», «Қай ісің де білімменен гүлдейді, Білім кейін қалса қолың жүрмейді».

Білімді ең басты жолға қоюуына мына үзінді дәлел: «Білімнен әзіз не бар дейсің жаһанда». Яғни, бақыттың, бақтың, құттың қолымызда бағалауға жетелейтін - білім.

Ал ең бақытты адамды былайша суреттеген: «Жақсы айтыпты, бек білікті, бақытты ең, Білікті сөз тең ғой інжу- жақұтпен». Бұл сөзден аңғаратынымыз -  «ақылмен айтылған сөздің қымбаттылығы». Әрбір айтатын сөзіміздің құндылығына мән беруіміз керек, себебі ақылмен айтылған сөз арқылы өзге адамның дұрыс жолға түсуіне көмек беруге болады. Басқа адамның бақыт табуына жолу ашу - нағыз бақыт.

Ойымызды қорытындылай келе, нағыз бақыт – білімділік екеніне көз жеткіздік. Білімді адам ғана басындағы бақытын баянды етіп, бағалай біледі. Автордың сөзімен айтатын болсам, «Ақыл қолдар, ал білімнен құт қонар» - деп, ақылды қара түнді ашатын шырақ ретінде, ал білімді нұрын шашатын жарық ретінде көрсеткен. Ж.Баласағұн  өзінің аталық сөзін жеткізіп, осы айтқандарын ізгі өмірімізде қолдана білуге шақырады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Балжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері

Мақалада құрылымдық-функционалдық және ақпараттық әдістердің ерекшелігі, ақпараттың ғылымдағы рөлі мен зерттеу үдерісіндегі мүмкіндіктері қарастырылады.

Балжан 64 оқылым 6 мин
Технология

4В Бөлімі: Үй мәдениеті

5-сыныптың технология сабағына арналған жоспар. Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерін, шаш пен тері күтімін және өзін-өзі күту тәсілдерін зерделейді.

Балжан 259 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин