Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ж дыбысы мен әріпі

Терликбаева Айзада
3 мин оқу 1 365 оқылым

Терликбаева Айзада

Сабақтың тақырыбы:  Ж дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты: ж дыбысының айтылу артикуляциясы мен таныстыру. Басқа дыбыстардың арасынан айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді дұрыс буын бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.

Сабақтың барысы:

І-кезең.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар қонақтармен амандасады.

Біз көңілді балалармыз! Ештеңеден қорықпаймыз.

Келген қонақтарға,

Ортаға білімімізді саламыз.

Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі? Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

ІІ-кезең.

Үй тапсырмасын тексеру, өткен оқу қызметін пысықтау.

  1. Тапсырма ойын: «Кім тапқыр?» құрамында «Ы» дыбысы бар суреттерді табу.
  2. Тапсырма: Қандай сөздерде «Ж» дыбысы бар сөздерді анықтау.

Жолбарыс, жұмыртқа, жылан, жапалақ.

  1. Тапсырма: «Ж» дыбысын текшемен жаздыру.

ІІІ-кезең.

Жаңа сабақ. Балаларға «Ж» дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.

  1. Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

2.Төбеден төнеді,

Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)

3.Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл

Түссе сары.(Жапырақ)

4.Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды.(Жапалақ)

(Суреттер)

  • Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
  • Ж – дыбысынан
  • Дұрыс-ақ. Олай болса, бүгінгі танысатын жаңа дыбыс-«Ж» дыбысы мен әріпі.

Мынау «Ж» дыбысының баспа және жазба түрлері.

-«Ж» дыбыс қандай дыбыс?

«Ж» дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Қандай текшемен белгілейміз?

Дәптермен жұмыс.

ІY-кезең.Сергіту сәті.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартарды атырап,

Ой, алақай, тамаша.

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша.

Y-кезең.Жұмбақ жасыру.

Гүлдерге қонады,

Шырынын сорады.

Түр – түсі сары ала

Бұл не? (Ара)

Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады? –ж – ж –ж – ж- ж – ж

Ара, ара, аралар

Орманның бәрін аралар.

Гүлден сорып бал алар.

Магниттік тақтада гүлдің суреттері.

Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.

Араның тапсырмалары:

  1. Әріптер арасына жасырынған - Ж-  әріпін тауып, сызыңдар.(сурет)
  2. «Не артық?» Карточкадағы артық затты тап, ол неге «артық?» (сурет)
  1. Жолбарыс

Жылан

Жылқы

Жапырақ

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.

  1. Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос»

Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрасырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.

Жа – ға, жу – ан, жаң – ғақ, жыл – дам, Жас – лан, жаң – быр, жы – лан, жас – тық, жү – зім, жұл – дыз, же – міс, жұм – бақ, жи – һаз.

  1. Тақтада әртүрлі суреттер ілінген (жүзім, машина, қонжық, түйе, доп, көжек, жылқы). Осы суреттердің ішінен «Ж» дыбысы бар суреттерді тауып, атын атап, буынға бөлу.
  • Балалар, біз араның барлық тапсырмасын орындадық.
  • Қорытынды.
  • Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • Ж- дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.

Ж дыбысының таңбасы.

Неге ұқсайды?

Біз не білдік, не үйрендік? Ж дыбысының жазылуын үйрендік.

Түркістан қаласы

«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ішінен ашылған шағын орталық тәрбиешісі

«Көгершін» тобы  Айзада Терликбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Терликбаева Айзада

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым