Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жулдыз
5 мин оқу 208 оқылым

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
ҰМЖ тарауы:
3 тарау Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
Күні: Оқытушының аты-жөні: Дюсембаева Жулдыз Ермухаметовна

Курс: 1 (10 сынып) Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Волейбол. Командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар және тактикалық әрекеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру.
Сабақтың мақсаты Барлық білімгерлер: ойын ережесін меңгеру, дене белсенділігін дамыту, ойын элементтерін және дене қозғалыс қимылдарын дұрыс үйрету.
Көптеген білімгерлер: күш-жылдамдық қасиеттерін дамытады.
Кейбір білімгерлер: допты ойынға қосады және қабылдай алады. Бірлескен жұмыста жауапкершілікті бөлуге үйренеді. Білімгердің көшбасшылық қасиеттері дамиды.

Бағалау критерийі - Волейболдағы техникалық әрекеттерді ажыратады (қозғалыс, беріліс, допты қабылдау,қорғаныс және шабуылдағы әрекеттер);
- Волейболдағы ойын жағдайлары мен тәсілдерін орындау техникасындағы қателіктерді түсіндіреді;
- Волейболдағы техникалық және тактикалық іс- қимылдарды орындайды.
Тілдік мақсаттар Тілдік оқыту мақсаты:
Білімгерлер волейболдың ойын ережесін сипаттай алады. Ойын кезінде командалық есептің еселенгенін немесе кемігенін тұжырымдай алады.
Пәндік лексика және терминология:
Қазақша Орысша Ағылшын
Доп мяч bаll
Тор сетка net
Шабуыл сызығы линия нападения line of attack
Тайм-аут тайм-аут time out
Секіру прыгать jumping

Диалогтар мен жазу үшін қолданатын тіркестер:
Шабуыл кезіндегі алаңға түскен доп........болып саналады.
Допты алаңда жақсы қабылдау үшін ..........қажет.
Ойын ережесі бұзылған сәтте төреші....... көрсетеді.

Құндылықтарға баулу Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,
құрмет, ынтымақтастық пен ашықтыққа баулу.

Пәнаралық байланыс Волейбол ойын ережесіндегі механикалық жұмыс, салмақ, қуаттылық - физика пәнімен және саптық жаттығуларды қолдана білу, кедергілер жолағынан өту- АӘ және технологиялық дайындық пәнімен байланыстырады.

Алдыңғы білім Волейбол ережелерін еске түсіреміз.

Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақтағы жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру кезеңі.
Білімгерлерді сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Сабақ мақсатын түсіндіру.
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» .
Топтағы жағымды психологиялық ортаны қалыптастырамыз.

(W) Ширату жаттығулары: «Микс»
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Спорттық жүріс.
2. Жеңіл жүріс.
3. Тізені көтере жүгіру.
4. Өкшені көтере жүгіру.
5. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
6. Оң қапталмен жүгіру.
7. Сол қапталмен жүгіру.
8. Тыныс алу жаттығулары.
Орнында тұрып жасалатын жаттығулар:
ЖДЖ және бой жазу жаттығуларын орындау.

(ҚБ) ынталандыру

Жаңа тақырыпқа шолу:
Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін, қабылдау кезінде кететін кемшіліктерді көрсетіп, білім алушылармен біріге отырып тақырыпты ашады.

2.7.Дене тәрбиесі Б. Төтенай «Кәсіптік білім», «Фолиант» баспасы Астана-2008, 77 бет.
Сабақтың ортасы Білім дағдысы: Білу, түсіну.
Белсенді оқыту: «Семантикалық карта»
(G) Тапсырма-1.
Сұрақ пен дұрыс жауаптың қиылысына «+»
таңбасын қойыңыз....
Сұрақ 65-67 см Сағат тіліне қарсы Ұшатын доп 250-280 гр 3 рет
1 Волейбол сөзі ағылшын тілінен аударғанда не деп аталады
2 Волейбол ойыны кезінде команда допқа неше рет қол тигізуге құқылы?
3 Волейбол добының көлемі
4 Волейбол добының салмағы
5 Волейбол ойыны алаңындағы ойыншылардың орындарын ауыстыру бағыты
Критерий Дескриптор
Волейболға қажетті мәліметтерді анықтайды. - Ағылшын сөздігін қолданады;
- Доптың көлемі мен салмағын анықтайды.

(ҚБ): «ойлан- жұптас- бөліс»

Білім дағдысы: Қолдану.
Белсенді оқыту: «Галереяны шарлау»
(Р)Тапсырма-2.
Әр жұп суреттен ойын позициясын, яғни допты ойынға қосуды, допты жоғарыдан, төменнен алуды, тосқауыл қоюды, шабуыл жасауды тапсырмалар арқылы анықтайды және жұмыс істейді.

Критерий Дескриптор
Доптың берілу, ұшу және қабылдау тәсілдерін анықтайды. - Доптың ұшу бағытын анықтайды;
- Секіріп тосқауыл қою әдісін анықтайды;
-Допты қабылдау тәсілдерінің айырмашылығын салыстырады.

(ҚБ): «Екі жұлдыз, бір тілек»

Білім дағдысы: Қолдану.
(W) Сергіту сәті: «Жарыс»
Білімгерлерді екі топқа бөліп, волейбол ойнату.

Критерий Дескриптор
Білімгерлер командалық ойын екендігін анықтайды. - Ойыншы санын анықтайды;
- Ұпай алу әдісін есептейді;
-Төрешінің қимылын түсініп, үйренеді..

(ҚБ): «Допты лақтыру»

Стикер, маркер, А4 қағаз

Волейбол торы, доп, ысқырық, табло, таблица.
Сабақтың аяқталуы Бекіту кезеңі.
Сапқа тұрғызып , білімгерлердің жүрек соғысын тексеремін.

Белсенді оқыту: «Мақсатқа жету»
1. Ойын неше кезеңнен тұрады?
2. Волейболда допты аяқпен қабылдауға бола ма?
3. Допты алаң сызығынан ойынға қосуға бола ма?

Рефлексия: «Нысана»
1. Сары түсті шеңбер «Бұл тақырып маған өте қызықты болды...»
2. Қызыл түсті шеңбер «Маған бәрі түсінікті болды!»
3. Көк түсті шеңбер «Маған көмек қажет.....»

1. §2.7 Дене тәрбиесі, Б. Төтенай «Кәсіптік білім», «Фолиант» баспасы Астана-2008.

Қосымша ақпарат
Сабақтан соң мұғалім келесі сабақты кері байланыс арқылы жоспарлау мақсатында беріледі (анализ)
Саралау – Сіз қандай тəсілмен
көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай
тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау

Көптеген білімгерлер күш-жылдамдық қасиеттерін біліп, дамытады ал,
кейбір білімгер-лер допты ойынға қосады және қабылдай алады.. Білімгер көшбасшылық қасиетін дамытады. Білімгерлердің деңгейіне байланысты оларға допты көтеру мен секіріп соққы жасау және қорғану жаттығуларын беремін.
Кейбір қабілеті жақсы білімгерлерге тапсырманы күрделендіре орындатамын.
Керісінше қабілеті аздау білімгерлерге қолдау көрсетіп, білімгерлердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырамын.

Білімгерлердің материалды игеру деңгейін өзара бағалау, бір сөзбен түйіндеу дескрипторлар арқылы бағаланады
Мен өз сабағымда «Ынталандыру», «Ойлан- жұптас- бөліс», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Допты лақтыру» әдістерін қолданып, ҚБ арқылы кері байланыс орната алдым.

Рефлексия:
Сары, қызыл, көк түсті шеңберлер арқылы «Нысана» әдісімен білімгерлердің нені түсінгенін, олардың қаншалықты оқу мақсатына жеткен- жетпегендігін айқындаймын, яғни олар бүгінгі сабаққа анализ жасап, қорытынды ой түйетінін анықтай аламын. Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту
жаттығулары мен
белсенді жұмыс түрлері
қолданылды.
Сабақ соңында білімгерлер қауіпсіздік ережесін білетіндігіне көз жеткізу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.
Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап
беріңіз.
сабақ мақсаттары
немесе оқу
мақсаттары шынайы,
қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу
мақсатына қол
жеткізді ме? Егер
оқушылар оқу
мақсатына жетпеген
болса, неліктен деп
ойлайсыз? Сабақта
саралау дұрыс
жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде
уақытты тиімді
пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан
ауытқулар болды ма
жəне неліктен?
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен білімгерлер туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Авторы
Дюсембаева Жулдыз Ермухаметовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жулдыз

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Құқық

Жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштей жойып, оған қауіп-қатер туғызады. Мемлекет тұрғындарына деген зардабы өте көп. Сыбайлас жемқорлық бар кезде мемлекетті жаңарту мүмкін емес! Сонымен жемқорлық дегеніміз не? Жемқорлық…

Жулдыз 2 мин 37 оқылым
Жалпы рубрика

Қаныш Сәтбаев бұрышының ашылуы

Қ. Сәтбаев атындағы N48 мектепте 2023 жылғы 27 қарашада ғалымға арналған «Дархан даланың дара тұлғасы» бұрышы ашылды. Материалда Қаныш Сәтбаевтың еңбегі мен жас ұрпаққа үлгісі баяндалады.

Жулдыз 1 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Даналық мектебіндегі "Әжелер мектебі"

Мектепте «Ертегі танымның көзі» атты дөңгелек үстел өтіп, әжелер тәрбиелік мәні зор халық ертегілерін әңгімеледі. Кездесу ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруге арналды.

Жулдыз 1 мин 69 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Жеңіл атлетикада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін ұтымды арттырудың физиологиялық-әдістемелік негіздері

Мақалада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін физиологиялық бейімделу заңдылықтарына сай арттыру жолдары қарастырылады. Жүктемені жоспарлау, мониторинг және қалпына келу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Сәрсенбаев Еркебұлан 13 мин
Дене шынықтыру

Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту

Ғылыми-әдістемелік мақала · дене шынықтыру және спорт Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту Негізгі авторы Қайратбекұлы Талғат Бірлескен авторы Коммунизм Абылай Аннотация. Мақалада жалпы білім беретін мектепте…

Коммунизм Абылай 8 мин
Дене шынықтыру

Университет қабырғасында волейбол спортын тиімді дамыту жолдары: ШҚТУ тәжірибесі

Мақалада университет жағдайында волейболды дамытудың жолдары мен ШҚТУ тәжірибесі қарастырылады. Студенттік лига, факультетаралық жарыстар және тұрақты жаттығулар ұйымдастыру ұсынылады.

Серіков Алдияр Рауанұлы 8 мин 125 оқылым
Дене шынықтыру

Баскетбол ойынын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері

Мақалада баскетболды оқытудың заманауи тәсілдері, соның ішінде ойын арқылы оқыту, саралау, бейне талдау және қалыптастырушы бағалау қарастырылады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы 9 мин 11 оқылым