Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұзын көше

Damira Seitkamal
2 мин оқу 29 оқылым

Сабақтың аяқталуына да 2 айдай уақыт қалды. Бүгін әдеттегідей ұйқымнан тұрғым келмесе де тұрып, сол бір ұзын көшемен сабаққа келе жатырмын. Басқа күндердей емес, бүгін бұл көше маған ой тастады:

-Сабақтың бітуіне 2 ай қалды. 2 ай! Содан кейін мен бұл мектепке келмеймін. Енді бұл көшемен де ұйқылы ояу келудің қажеті болмайды.

Кенет:

-Қалай сонда? Бәрі сонымен біте ме? Мен сонда 11 жылды да аяқтап қойдым ба? 11 жыл! Жылына 365 күн,жарайды демалыстар,жазғы каникул бар,ауырған күндерімді алып тастағанда жылына 265 күннен 11 жыл, 2915 күн бойы мен осы көшемен білім ордасына барып келдім.Міне қызық!

Біртүрлі сезім бойымды билеп алды. Өкінетін сияқтымын ба,әлде қимаймын ба?

-Мен бұл көшемен сонау даярлық сыныптан бері мектепке барып келе жатырмын. Бұл көшемен күліп те,жылап та қайтқан кездерім болды. Асығып барып, достарыммен баяу, серуендеп қайтатынмын.Қысқасы бұл көше менің барлық көңіл-күйімнің, оқиғаларымның куәгері. Бұл ұзын көше менің үйреншікті жолым ғой...

Қимастық сезім мені айналама терең оймен қаратты. Ауыл тіршілігі таң атысымен қызу жүріп жатады емеспе. Мен күндегісін күнде амандасатын адамдар, менімен қабаттаса өріске кетіп бара жатқан қой мен сиырлар, көшенің әр жерінде ұйқылы ояу сабаққа бара жатқан оқушылар, балабақшаға баласы жыласа да апара жатқан аналар, самал желмен тербеліп тұрған ағаштар, бәрі де бүгін ерекше көрінді.

Мектепке де жетіп қалыппын.

-«Осы мектептен қашан кетемін?» деп айтсам да маған құшағын жайып тұрғандай. Қанша дегенмен бұл менің екінші үйім. «Екінші ана» атына ие мұғалімдерім де осы ыстық ұяда. Бір үйдің баласындай болған сыныптастарым да осы жерде. Алайда, осының бәрімен қоштасуға тура келеді. Бар жоғы екі айдан соң көшемен, мектеппен, сыныптастарыммен, мұғалімдермен қимастықпен қош айтысамыз.Мектеп пен мұғалімдер қуанатын да шығар, бірақ олар да бізді қимайтынын жақсы білемін.

Мен 11 жыл бойы кіріп, шыққан есігіме де келдім.

-қоштасу қиын әрине... бірақ мен жыламаймын-деп көзімді сүрттім де, мектепке кіріп кеттім.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Damira Seitkamal

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні

Эсседе Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағындағы туындылардың тәрбиелік мәні сөз болады. «Жас ағаш» мысалы арқылы ағайынның қадірі мен үлкенге құрмет мәселесі қозғалады.

Damira Seitkamal 3 мин 48 оқылым
Эссе

Мен мамандықтар әлемінде

Автор мамандық таңдау жауапкершілігі, сұранысқа ие кәсіптер және болашаққа мақсат қою туралы ой қозғайды. Өзі журналист болуды армандайды.

Damira Seitkamal 3 мин 55 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 70 оқылым