Мазмұнға өту

Мен мамандықтар әлемінде

Damira Seitkamal 3 мин оқу 55 оқылым

Дамира Сейткамал

Міне, мен- кеше ғана мектеп табалдырғын аттаған бүлдіршін едім, енді көзді ашып-жұмғанша мектеппен қоштасатын күн де жақындап келеді. Бұл күн, әрине, бір жағынан болашаққа қадам басу қуанышын сыйласа, екінші жағынан мойнымызға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, алдымызда «мамандықтар әлемі» атты жұмбақ патшалық күтіп тұр. Бұл жұмбақтың шешуін тауып, бала кезден армандаған білім атты ақ жолға адаспай түсу- көпшіліктің қолына түсе бермейтін бармақтай бақ. Оның себебі өте көп, бірақ мен оларға тоқталып жатқым келмейді. Мен мамандықтар әлеміне сапар шеккім келеді.

Әлемде талай қызық бар дегендей, қазіргі кезде дүние жүзінде елу мыңдай мамандық бар екен. Жыл сайын әлемнің қарыштап дамуына байланысты бес жүзге тарта мамандық қосылып отырады деген мәліметті оқып, таң қалдым. Неге десеңіз? Біз осы мамандықтарды білмек түгіл атын да естімеген екенбіз. Басқа елдердегі мамандықтарды айтпағанда, өз еліміздегі мамандықтар туралы да білетініміз аз ба деп ойлаймын. Оны білмеуіміздің себебі неде? Менің ойымша, ерекше мамандықтар туралы ақпараттардың аздығында, мысалға мектеп түлектеріне арналған бағыт-бағдар беретін нұсқаулық біздің елімізде жоқ екен. Сол себептен жастар елімізде қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін білмейді және қай мамандықтардың қазіргі заман талабына сай жойылып жатқанынан да хабары жоқ. Сондықтан шет елдердегідей зәру мамандықтарға арналған кітапшалар шығып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

«Мектеп бітірген соң кім боласың, қандай оқуға түсесің?» міне, түлектерге жиі қойылатын сұрақтар, бұл сауалдарға мен сияқты оқушылардың басым бөлігі нақты жауап бере алмайды, себебі алда күтіп тұрған ҰБТ деген үлкен сынақ бар, сол ғана бұл сұраққа жауап береді. Сондықтан қазірден бастап бұл сынаққа жауапкершілікпен дайындалуымыз керек. Сонда ғана алға қойған мақсатқа жетуге болады деп ойлаймын.

Жалпы көп оқушылар мамандықты жақсы өмір сүрудің көзі деп қабылдайды. Ал мен «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл-жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деп айтқан қазақ әдебиетінің негізін салушының бірі, көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың пікіріне қосыламын. Себебі, бәріміз тек қара басымыздың қамын ойлайтын боласақ, еліміздің болашағын кім ойлайды? Сондықтан мен халықты жаңалықтармен құлағдар ететін, өз ойымды еркін жеткізіп қана қоймай, ақын-жазушыларымыздың мұрасын таныстыратын журналист болғым келеді. Бұл-менің қалауым, менің таңдауым. Шындығына келгенде менің достарым да, туыстарым да бұл таңдауыма разы емес.Олардың ойларынша бұл мамандық қыз бала үшін ауыр. Ең бастысы менің айналамдағылардың не дейтіні емес, менің қалауымның не екені. Қай мамандық иесі болмайық ең бірінші елге қызмет етіп, қандай да болмасын елімізге, халқымызға пайдасы тисе одан асқан маңызды не бар деп ойлаймын. Кубалық ақын, жазушы, қоғам қайраткері Хосе Хулиан Марти « Ең қиын мамандық-адам болып қалу» дегендей, мен де өмірде ар, намыс, абырой деген қасиеттерді көзімнің қарашығындай сақтап, адамгершіліктің ақ туын биік ұстап өтсем деймін.

Осы тақырып төңірегінде ізденгенімде көптеген қызық мамандықтардың барына көзім жетті. Мысалы, Ұлыбританияда кезекте тұрушы мамандығы бар екен. Сол елдің зерттеуі бойынша бір ағылшын бір жылын кезекте тұрумен өткізеді екен, сондықтан кез келген адам өз ісін тоқтатпай, кезекке тұрушы маманды шақырып, кезекке тұруын өтіне алады екен. Келесі байер деген мамандықпен таныстым. Ол – тапсырушының орнына киім алып жүретін маман. Киімді өлшеміне, сән мен стиліне сай таңдап алып береді. Батыста өте танымал бұл мамандық уақыт үнемдеуден туындаған. Ал Жапония елінде әңгімелесуші мамандығы бар. Ол арнайы үйшікте отырып, аптасына он мыңнан аса адамның мұңы мен ренішін, ашуы мен қорқынышын, қуанышы мен қайғысын, ішіндегі сезімін сыртқа шығаруына көмектеседі екен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады, бірақ елім, жерім деген азамат ең бірінші өз еліне қажет, аса зәру химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары мен астроном сынды ғарыш саласы мамандары, картограф, геодезист, астрофизик сияқты мамандықтарды игерулері керек. Ол үшін бұл мамандықтар жайлы ақпараттар көбірек берілсе, теледидардан мамандықтар әлемінде сияқты бағдарламалар, оларға арналған қызықты, тартымды жарнамалар, тегін оқу орындары ашылып, оған нағыз білімді оқушылар таңдалып алынса деген тілегім бар. Сонда ғана елімізде мамандыққа мұқтаждық болмай, білімді, жауапкершілігі мол, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар қатары көбейіп, еліміз дамыған 30 елдің қатарына кірері сөзсіз.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Damira Seitkamal

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ұзын көше

Сабақтың аяқталуына да 2 айдай уақыт қалды. Бүгін әдеттегідей ұйқымнан тұрғым келмесе де тұрып, сол бір ұзын көшемен сабаққа келе жатырмын. Басқа күндердей емес, бүгін бұл көше маған ой тастады: -Сабақтың бітуіне 2 ай…

Damira Seitkamal 29 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні

Дамира Сейткамал Торғай даласы, мен үшін, не бір дүл-дүл ақындар мен елі үшін еңіреген ерлердің, ел басына күн туғанда қасқайып қарсы тұрған батырлар мен керемет өнер саңылақтарының мекені деп білемін. Бұл топырақтан нәр…

Damira Seitkamal 48 оқылым 3 мин
Бастауыш сынып

Мінез құлық ата-анадан беріле ме? Әлде ортадан қалыптаса ма?

Сейткамал Дамира Әдеттегі әдебиет сабағы. Біз берілген тақырыпта емес,еркін тақырыпта әңгіме айтқанды ұнататынбыз. Бұл жолы да сыныптастарымның арасында бір-бірімен келіспеу басталды. Мұғалім: -адам бұл өмірде…

Damira Seitkamal 102 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин