Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Үздік есепші

Bilimger Media
3 мин оқу 598 оқылым

«Үздік есепші».

Мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

ә) Логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып «Үздік есепші» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.

Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батымды. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 7сынып оқушыларын қошаметтейік.

Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:

1

2

3

Жүргізуші:Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріндер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға берініздер.

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарынызды қатырамыз.

Математикамен ұғындырып,

Аз да болса, білімдерінізді толтырамыз.

Қиын есеп онай-ақ шығар,

Миды егер шынықтырсан.

Жеңімпаздар алға озар

Математиканы болса ұғар.

Ойынның тәртібімен таныстырып өтейін. Ойын 4 турдан өтеді.

І турға барлық оқушылар қатысады.Дұрыс, жылдам орындаған  оқушылардың жартысы ІІ турға өтеді.

ІІ турдан егер тапсырманы дұрыс орындаса 4 оқушы ғана өтеді.

ІІІ турдан 2 оқушы өтеді.

ІV турда жеңімпаз анықталады.

ІІ. Ендеше ойынға көшейік.

І тур. «Есептеңдер, кім жылдам?»

1) 127*9-77*9=9(127-77)=450

2) 3/5*7+2/5*7=7*1=7

3) 47*15+15*13=900

4) 2/3*2/9-2/9*2/3=0

ІІ тур «Математиканы білемін, керек болса есептеп беремін.»

Арифметикалық амалдарды қолданып, әр санды өрнекте.

Мысалы: 5=2+2+2-(2/2)

1)     7= 2 2 2 2 2

2)     1= 3 3 3 3                   6= 3 3 3 3

2= 3 3 3 3                   7= 3 3 3 3

3= 3 3 3 3                   8= 3 3 3 3

4= 3 3 3 3                   9= 3 3 3 3

5= 3 3 3 3                 10= 3 3 3 3

3)     100 саның бес бірдей цифрмен жаз.

Мысалы: 100=111-11  немесе 100=(33*3)+3/3

Оқушылар тапсырманы орындағанша жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.

1)    Қай санға бөлуге болмайды? (0)

2)    Екі ғасырда неше жыл? (200)

3)    Шеңбер сызатын құрал? ( Циркуль)

4)    Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш? ( квадрат)

5)    Миллионда неше нөл бар? (6)

6)    Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)

7)    Геометрия қандай бөлімге бөлінеді? (планиметрия, стереометрия)

8)    Күннің көзі жылына неше рет соғады? (365, 366)

9)    Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11)

10)                Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (8)

ІІІ тур. «Сиқырлы шаршы»

4

9

2

3

5

7

8

1

6

Ежелгі «Сиқырлы шаршы» мынадай түрде беріледі. Тігінен, көлденен, диагонольдары бойынша цифрлардың қосындысы 15-ке тең.

Цифрларының қосындысы 30 болатындай етіп, 4, 6, 10, 12, 16, 18 цифрларды шаршыға орналастыр.

8

14

2

Жанкүйерлерге сұрақтар:

1)    Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

( киіз үй)

2)    Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай?

(натурал сан)

3)    Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)

4) «К» әріпінен басталатын математикалық сөздерді атаңдар.

(көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата, косинус)

ІVтур. “Кім бірінші 100 дейді?»

Қалған екі оқушы кез келген 10-нан кіші сан айтады. Айтылған сандарды қосып отырады. Кім бірінші 100 санына жетеді сол жеңімпаз болады.

Жеңімпаз марапатталады.

Қиындықтан өткізер

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшын-дей отырып ойынымыз да мәресіне жетті.

Зейін қойып көргендеріңізге рахмет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым