Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұстаздық ̶ ұлы қасиет

Автор

Танатар
3 мин оқу 37 оқылым

Есенов Танатар,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты

Жанатаев Данат Жанатайұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент


Талайғы тарихтың таралғысы тұтаса келгенде тәлім-тәрбие беретін ұстаздық жолдың да бізге оңай жолмен келмегендігіне шүбә келтіре алмасымыз хақ. Түптамырымызға көз тастар болсақ, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк ұлы Түркі қағанатының еңсесі биік ел болуына үлес қосып, Йоллығтегіннің халқы үшін қаһармандық жасауы, желмаясымен жер жәннатын іздеген Асан қайғының Жетісу жеріне ат басын тіреуі, сол жерұйықта, Шу мен Талас өзендерінің бойында Керей мен Жәнібек бабаларымыздың хандық құруы, Абылай, Қасым, Хақназар, Тәуке, Кенесары хандардың сүйем жерді қасық қанымен қорғауы, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян батырлардың қытымыр заманның қылышынан қан тамып тұрса да қол бастауы, бұл ерлікті даналықтарымен ұйытқан Бұқар, Нысанбай, Шөже жыраулар мен Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қазақтың еркіндігі үшін күресін үзбей насихаттауы – сом тараулы тарих тағылымдары. Бірақ аталмыш алып тұлғалардың әрбірінің артында ұстаз тұрғанын ұмыт қалдырмауымыз қажет! Өйткені, алып та, ғалым да, дана да – ұстаздан. Қазір біз бүгінгі күнмен өмір сүріп, келер келешекке жоспар құруды жанымыз сүйеді, бірақ тарих мұндай қателікті кешірмейді. Ұрпақтың рухани құнсыздануына жол бермеген, тағдырдың тар жолынан түзу өтіп, тұтқиылдан тілге, елге жасалған тұзақтарға төтеп беріп, құлдық санадан, таптаурындардан ада болуға аянбай еңбек еткен, ұлтты ұйыстырған ұлы ұстаздары – Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық әдістемесін, Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы», «Оқу құралы» «Әліпби» еңбектерін, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» зерттеуін, Жүсіпбек Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» еңбегін есте сақтау – біз үшін абыройлы парыз. Тағдыр талқысын көрсе де, қазақ білімі мен ғылымының көсегесін көгерткен көсем тұлғалардың соқпаққа толы ұстаздық жолы өшпес өнеге екендігі хақ. Қазақтың қазақтығын танытуда сөз бостандығы мен тіл тазалығын, әр қазақ баласының сана саңылауына сәуле түсіруді күнтәртібіне қоя білген осы аталмыш ұлт ұстаздары еді. Қазақ ұлтының ой шамына май тамызып, от берді, үміт берді. Бұл мамандық осынысымен құнды!

Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар. Бұл өлең жолдары ұстаздықтың заман өзгерсе де, адам өзгерсе де, мәңгілік абыройлы іс болып қалатындығын айғақтап тұрғандай. Шәкірттердің өмірлік айнасына айналып, таудай қиындықтарды тастай домалатып, адалдық жолын бастап, адамдықтың шегінен аспайтын ұстаз қашан да қадірлі! Бала жүрегіне бойлап, күй сандығының кілтін тауын, сырын шерту – биіктердің биігі. Сондықтан қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі ең жауһары, адамның азбайтұғын асылдығы – ұстаздық жолы. Біздің түсінігімізде, рухы таза, өресі биік ұстаз - Отанының келешегі үшін тер төгіп, табандылықтың үлгісін көрсетуші, білімі мен білігін өркениетке құлаш ұрған ұрпақ болашағына, бақытына арнап, өз ұлтын өрге өркендетуші ұлы тұлға! Аталмыш бір мамандықтың бойында қаншама зерде мен зейін, пайым мен парасат, сенім мен сезім, тәлім мен тәрбие жатыр?! Ұстаздықты ұрпаққа ұлықтамау – зор қателік. Сондықтан сом тараулы тарихымыздың қатпарлы беттерінде егестерде ерлік еткен есіл бабалар батырлығы, ұлт білімін бірінші орынға қойған ұстаздар тағылымы ойып жазылды. Аласапыран заманда адал білім үшін арпалысқан, аждаһамен алысқан арыстарымыз бізге дәл осы бейбіт өмірді, «ұстаздық» деген ұлы мамандықты сыйға тартты. Сол себепті бүгінде бодандық бұғауынан босанған діліміз бен тіліміз тәуелсіздікте ғұмыр кешуде! Қуан, қазақ!

Соңғы жаңарту: 15 сәуір 2026, 23:59

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Танатар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 61 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 49 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 53 оқылым 4 мин