Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ

Автор

Гульнар
3 мин оқу 26 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі оқу орындарының бірі. Республика көлемінде ғана емес шетелдерге танымал ғалымдардың бірегейі, бүгінгі мерейтой иесі  - тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Сүлейменұлы Қаражан ағамыз. Ол 1947 жылы 27 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы орта мектепті бітіріп, Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.

Қуанышбек ағамыз  1968-1973 жылдарда  бүгінгі әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  (С.М.Киров атындағы ҚазМУ) тарих факультетінде оқыды. Студенттік шақта өзінің алғыр, ұйымдастырушылық қабілетімен факультет студенттер кәсіподағы ұйымының төрағасы, факультет Ғылыми Кеңесінің мүшесі, университет студенттер кәсіподақ ұйымының алқа мүшесі болып қоғамдық жұмыстарды белсенді араласып атқарған. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен 1970 жылы марапатталған. Қазақстан жоғарғы және орта оқу орындары министерлігінің жолдамасымен 1973-1982 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының КОКП тарихы кафедрасының әуелі оқытушысы, кейін аға оқытушысы болып жұмысын жалғастырған.

Қуанышбек ағамыз 1979 ж.«Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын басқару жөніндегі Қазақстанның партия ұйымдарының 1959-1975 жж. қызметі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды. Ағамыз өзінің білім алған қара шаңырағына қайтып келіп,   1982-1990 жж. тарих факультетіде еңбек жолын жалғастырды. Ғылымдағы және қоғамдық жұмыстағы жетістіктеріне байланысты  университеттің Құрмет грамотасымен 1984 жылы марапатталған. Ағамыз 1991 жылы «Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы Одақтас республикалардың ынтымақтастығы(1946-1980жж.)» деген тақырыпта докторлык диссертациясын сәтті қорғады. 1992 жылы тарих факультетінің ҚазССР тарихы кафедрасының профессоры атанды, 1991-1993 жж. тарих факультетінің деканы қызметін атқарды.

Ағамыз университеттің  Ғылыми Кеңесінің 1991-1996 жж. және 2003 - 2013 жж. мүшесі болды. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының 1992-1996 жж меңгерушісі. 1993-1996 жж. ҚазҰУ тарих факультеті жанындағы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі мамандандырылған Кеңес төрағасы міндетін атқарған 1997-2002 жж. ҚазҰУ-дың жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес мүшесі. 1997-2001 жж. ҚазҰУ тарих факультетінің жаңа заманғы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Қоғамдық жұмыс пен жастарға тәрбие беруді ұштастыра білген ағамыз 2001 жылы Университеттің Құрмет грамотасымен марапатталған. Ал 2001-2003 жж. тарих факультетінің деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін “ҚазМУ Хабаршысы. Тарих сериясы”, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «Қоғам және дәуір» журналдарының редакциялық алқа мүшесі.

Бүгінде Қуанышбек ағамыз Қазақстан тарихы кафедрасының беделді де, құрметті профессоры. Ұстаздық  ұлағатымен, туа бітті табиғат талантымен талай жастың «ғалым» болып қалыптасуына  Қуанышбек Сүлейменұлы Қаражанның сіңірген еңбегі зор. Оның жетекшілігіммен  14 ғылым кандидаты, бірнеше ғылым докторы, 2 РһD докторы дайындалды. Ғылым мен білімді қатар алып жүрген ағамыз ғылымға көп шәкірттерін баулай білді. Бүгінгі күнде ағамыз тәрбиелеп, білімге, ғылымға баулыған  көптеген шәкірттері Сыртқы істер министрлігінде, Білім  және ғылым министрлігінде, ғылыми-зерттеу институттарында, жоғарғы оқу орындарында  қызмет етуде. Ұстазымыздың көпсалалы, түрлі бағытты қамтып жариялаған 200-ден аса ғылыми еңбектері,  2 монография және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған 16 оқу құралдарының авторы.

Ұстаздық  ұлағатымен, туа бітті табиғат талантымен талай жастың «ғалым» болып қалыптасуына Қуанышбек ұстазымыздың сіңірген еңбегі зор. Оның жетекшілігімен бірнеше ғылым докторы,  14 ғылым кандидаты, 2 РһD докторы дайындалды. Ғылым мен білімді қатар алып жүрген ағамыз  көп шәкірттерін ғылымға  баулай білді.

Оның қайсар  мінезі,  ұқыптылығы мен қарапайымдылығы және ғылымға  деген ынтызарлығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Жан жылуын, бар білімін шәкіртінің бойына сіңіріп, оны ғылым жолына баулып, артынан көптеген шәкірт ерте білді. Шәкірттеріне білім мен тәрбие берген ұстаз – баға жетпес биік тұлға.  Еңбек жолында қаншама қызметтер мен қоғамдық жұмыстар атқарса да, артынан көптеген шәкірттер тәрбиелеген ағайымыз тарих ғылымында өз мектебін қалыптастыра білді.

Қуанышбек Сүлейменұлы ағамыздың еңбегі университет тарапынан жоғары бағаланып,  2022 жылдың 11 наурыз  күні  «әл - Фараби атындағы  ҚазаҰУ- ға сіңірген  ерен еңбегі үшін»  күміс медалімен марапатталды. Құрметті Ұстазымызды  марапатымен құттықтап, отбасына бақытты ғұмыр тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты

Қозғамбаева Г.Б.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гульнар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Мен таныған жазушы

Абдикаримова Қазақ халқы тарихы ерте заманнан бастау алғаннан кейін,қазақ әдебиеті-қазіргі адамзат баласы үшін баға жетпес байлық.Қазақстанымыздың өркендеп өсуіне өз үлесін қосқан ақын,драмашы,лирик Ілияс атамыздың…

Гульнар 26 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

«Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында дөңгелек үстел

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, олардың тәрбиелік мәнін талдады. Дөңгелек үстелде білім, ғылым және адамгершілік тақырыптары қозғалды.

Гульнар 41 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Ұлт тарихындағы жарқын тұлға - Тұрар Рысқұлов»

Тәрбие сағатында студенттер Тұрар Рысқұловтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметімен танысып, өлең оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Гульнар 64 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин