Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Гульнар
2 мин оқу 64 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің т.ғ.к., доцент Г.Б.Қозғамбаеваның ұйымдастыруымен философия және саясаттану факультеті 1 курс студенттерімен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына  128 жыл толуына орай  «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға - Тұрар Рысқұлов» деген тақырыпта 07.04.2022 жылы тәрбие сағатын  өтті.

Әлемдегі тарихты жасауға ат салысқан тұлғалардың бірі адамзат тарихына өзіндік үлес қосса, ал бірі жаңа өзгерістар еңгізіп, тарихтың жаңа бетін ашуға мүмкіндік туғызады, енді бірі өзінің жағымды іс әрекеттерімен тарихта қалады. Қазақ тарихындағы осындай тұлғалардың бірегейі  қоғам қайраткері Т. Рысқұлов.

Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік  орын алу үшін, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы  мағлұматтар  мен зерттеулермен  студенттерді таныстырып, оларды  ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып ақыл парасаттылыққа, әділдікке баулу.

Топ студенті Жұмабаева Алуа «Тұрар Рысқұлов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері» деген тақырыпта  жасаған баяндамасында тұлғаның өмір жолы мен қызметіне экономика, мәдениет, дипломатия, тарих және т.б.  саланы жетік меңгерген дарынды қоғам қайраткері екендіне тоқталып өтті. Баяндамада: «Ол түркі тілдес халықтардың конфедерациясын жариялы түрде ұсынып, шын мәнінде Тәуелсіз мемлекет құруды армандады. Ашаршылық жылдары Кеңес үкіметінің солақай саясатын ашық сынап, Сталинге хат жазды. Лауазымды қызметте жүрсе де ұлт үшін талай рет басын қатерге тіккен ұлтжанды азамат болды» деп қорытындылады

Тәрбие сағатында студенттер Т. Рысқұловқа арналған өлең-шумақтарын оқып, оңын өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне байланысты құрылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, ән мен күй орындалды.

Тұрар Рысқұловтың мемлекет, халық алдында  атқарған еңбегі орасан зор. Т. Рысқұловтың өмір жолы мен өршіл арман-мұраттары, өлмес істері, өшпес іздері елінің мәңгі есінде. Ол - талант иесі айтулы оратор, табиғатынан ерекше туған жан. Ұлан ғайыр қызметінің бәрін жеткізіп айту да қиын.Оның бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды.

   Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың тарих факультетінің

               Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Г.Б. Қозғамбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Гульнар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Мен таныған жазушы

Абдикаримова Қазақ халқы тарихы ерте заманнан бастау алғаннан кейін,қазақ әдебиеті-қазіргі адамзат баласы үшін баға жетпес байлық.Қазақстанымыздың өркендеп өсуіне өз үлесін қосқан ақын,драмашы,лирик Ілияс атамыздың…

Гульнар 1 мин 27 оқылым
Жалпы рубрика

«Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында дөңгелек үстел

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, олардың тәрбиелік мәнін талдады. Дөңгелек үстелде білім, ғылым және адамгершілік тақырыптары қозғалды.

Гульнар 2 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Сүлейменұлы Қаражанның өмір жолы, ғылыми еңбегі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы қызметі туралы.

Гульнар 3 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым