Мазмұнға өту

Ұстаз – ұлағатты есім

Шоқыбаева Нұргүл Еркінбайқызы 4 мин оқу 1 031 оқылым

Шоқыбаева Нұргүл  Еркінбайқызы

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде

Өнерімен қуантады түбінде

Бала нені білсе жастан, ұядан

Өле өлгенше соны таныр қиядан

Өнер, білім берем десең басыңнан

Бер оқуға балаларды  жасынан

Ата анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы жаман болса бала солардан, - деп  Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың бізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуығна ата-аналар және  ұлағатты ұстаздар өзімізге  байланысты.

Бала – жарқын болашағымыздың иесі, балабақшамыздың киесі, таусылмас берекесі, қызықты мерекесі екендері әмбеге аян. «Бар жақсылық – балалар үшін» деген ұранмен бар білім біліктілігімізді, ынта – жігеріміді сарп етпей, сапалы да саналы ұрпақ көру құр қиялдағы елес ғана. Ал, мен үшін болашағымыз балаларға деп барды салып, шүмектеп жүріп тер төгу үлкен мақтаныш, айтулы абырой болып қала бермек. Біздің көз алдымыздығы балалар біреуі бір үйдің еркесі болса, бірі серкесі, енді бірі тағдырдан тілеп алған жалғызы. Сол үшінде бұл балалардың бәрі дерлік мойынға алған аманат.

Кей кездері баламенен баламыз!

Ақыл айтар олар үшін данамыз.

Тәрбиелеп өсіруге,бағуға,

Барды салсақ жетер әбден шамамыз.

Себебі бала жанының бағбаны мұғалімнің мойынға алған жүгі салмағы да сұрауы да баршылық.

«Білім - әрине инемен құдық қазғандай». Сол құдықты ериінбей қазып, түбіндегі шәрбатқа шөлдерін қандырмас бұрын, сірә дә алдымен тәлімді тәрбие керек десем артық айтқаным емес болар. Балаға ең алдымен анасындай мейірім , әкелеріндей қамқорлықты сезіндіре отырып сәби жүректеріне жол таба білуде, бүгінгі заман талабы, әрі ең басты сұраныстары. Әрине азаннан қара кешке дейін қасымызда болған балалар біздерге бауыр басып қана қоймай біздерден яғни, ұстаздардан  тәлімді мінез- құлық, сарқылмас сабырлықты да жадыларына түйіп өсері ақиқат. Бабамыз қазақ: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» - деп текке айтпаса керек. Міне осы айтқандай, әрбіріміз ұстаз, әрі мейірбан анасындай ақыл мен білімді, аналық мейіріммен, даналық үлгіні де жандарына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болмақ. Жас шыбықты қалай қарай исең солай қарай бой тіктеп, еңсе көтереді. Сол үшін де бала жанын ігілікке баулып өсірейік.

Ұстаз болып биіктерде қалықтайық,

Енжарлық жалқаулықты танытпайық.

Балаға ғылым – білім үйретуде,

Жанымы шаршады деп, жалықпайық.

Бұдан артық бала жанына бағбан болам деген ұстаздарға қандай талап қойылуы мүмкін? Осы айтқандай , өзіміз қалап таңдаған жанымыз сүйіп істеп жатқан мамандығымызды зор абыроймен, мақтаныш сезіммен атқарсақ ғана армандар ақталып, үміттер жүзеге аса берер. Бұл үшін әрине еңбек, еңбек және еңбек етудің жолдары. Себебі, бұл мамандық менің мақтанышым әрі абырой, атағым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Ұлт болшағы 100 нақты қадам» деп, соның ішінде бала тәрбесіне баса назар аударғаны бүгінгі заман ағымында өз көрінісін байқатуда. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір тудың астында өмір сүріп келеміз. «Бала – көзіміздің нұры, көңіліміздің гүлі» дегендей болашағымызды тек қана солармен байланыстыра аламыз. Сол үшін барымызды салып, басқаның емес өз баламыздай бауырға басып, мейірім төксек, оларда бейне бір гүл сияқты жайқалып өсері дәлелденген нәтиже.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз - білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз   «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалімдеп  елбасымыз айрықша айтып өткен.Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Қорытындылай келе  мен өз мамандығымды  мақтаныш етемін. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады. Баламен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз кемел болсын демекпін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Шоқыбаева Нұргүл Еркінбайқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин